Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Грант иегерлері тізімінде жоқтығың, бәлкім ертең сені Forbes тізімінен шығаратын жігер сыйлар

17 тамыз 2020, 11:11

БҮГІН ГРАНТ ТІЗІМІНДЕ БОЛМАСАҢ...


Қадірлі грантқа түспеген досым! Бүгін грантқа түскендердің тізімінен өз есіміңді таппай, өмірге налып, баз кешіп, сағың сынған болар. Жалғанды әділетсіз санап, өмір тоқтағандай күй кешіп отырғаныңды білемін. Сәтсіздікті бақытсыздыққа балап, болашағым бұлыңғыр, келешегім көлеңкелі деп ойларсың. Бірақ бұл мына өмірдің кішігірім сынағы ғана. Тағдыр сені әлі талай сынайтынын, сынағанға шын мықтылар шыдайтынын ұмытпа.
Бірінші сүрінгеннен бас тартса, әлем талай ұлылардан айырылар еді. 302 мәрте қаржы сұрап барып, 303-ші талпынысында ғана демеуші тауып, мультфильм түсірген Уолт Диснейді, 38 ойында қатар жеңіліп, ақыры спорт залға түнеп, дайындық жүргізіп, әйгілі болған Майкл Джорданды еске бір ал. Үшінші талпынысында ғана кино академиясына түсе алған Стивен Спилберг, бірінші сәтсіздігінде қолды бір сілтегенде, әлем керемет режиссерден айырылып қалар еді. Төртінші талпынысында ғана президент болған Абрахам Линкольн, бірінші жеңілісінде өз арманынан бас тартса, АҚШ бәлкім әлі құлдық жүйе негізіндегі, тоталитарлық ел болар ма еді.
Сондықтан арманыңнан бас тартпа. Бүгінгі сүрініс, ертеңгі үлкен секірістің белгісі. Оқы, оқи түс. Еңсең түспесін. Уақытыңды құр жіберме. Сонда ғана білім бәйгесінде оқ бойы озық келесің. Бүгінгі грант иегерлері арасындағы тізімінде жоқтығың, бәлкім ертең сені Forbes тізімінен шығаратын жігер, талап, намыс сыйлар. Бастысы бетің қайтпасын! Барлық грантқа түскендерді құттықтаймын, ал түсе алмағандарға мойыма дегім келеді.

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан