Сен тұр - мен айтайын!

Халқымызды топастандыруға апара жатқан ісіңді көріп отырып айтпауыма болмады

  • Халқымызды топастандыруға апара жатқан ісіңді көріп отырып айтпауыма болмады

    Халқымызды топастандыруға апара жатқан ісіңді көріп отырып айтпауыма болмады

Омар бауырыма..

Білімді анадан, білімді бала туады. Адамның интелект гены (Яғни ақылы) Х хромосомында болады. Әйел адамдар ХХ хромосомы екеу болады, ал ер адамдарда бір Х хромосама болатыны белгілі.
Кембридж университетенің ғалымдары еркектің Х хромосомасы баланың миының қалыптасуына әсері аз, ал әйелдің ХХ хромосомасы мидың құрылымына әсері зор екенін дәлелдеп берген.
Ананың гені жады, ойлау қабілеті, интелект, тілдерді игеруге жауапты бас ми қабығының жетілуіне тікелей әсерін береді.

Омар бауырым Алаш ардақтыларын зерттеп, насихаттап жүрген жансың ғой.
«Қазақ керегінің көбі әркімге-ақ мағлұм ғой: біз кейін қалған халық, алға барып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді болуымыз керек» Ахмет Байтұрсынов.

«Әйелдердің азаматтық құқығы қазақ қоғағымынын әлеуметтік жағдайын анықтайды және елді өркениетке жетелейді». Мыржақып Дулатов.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Қазақ газетінің 1917 жылғы №229 санындағы «Сайлау хұқы» деген мақаласында әйелдерге ерлермен бірдей тең құқық беру керектігін алға тартады, Думаға да осы мәселені қояды. Алаш арыстарының бұл идеясы кейіннен «Алаш» партиясының платформасынан да көрініс тапты. 1917 жылдың 25 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясы қазақ әйелдерінің теңдігі туралы мәселені көтере отырып, мынадай қаулы қабылдайды:
1. Әйелдер мен ерлердің саяси құқығы тең болу керек.
2. Әйел өзінің күйеуге шығу мәселесін өзі шешеді.
3. Қалың малды жою.
4. Қыздарға 16 жасқа дейін, ер адамдарға 18 жасқа дейін үйленуге тыйым салу.
5. Үйлену үшін күйеу жігіттің ғана емес, қалыңдықтың да келісімі қажет.
6. Жесір әйел кімге күйеуге шығарын өзі шешеді.
7. Екі әйел алу тек бірінші әйелдің келісімімен ғана орындалады.

Кейінгі ғасырларда араб әлемінен бір де бір әлемдік деңгейде ғалым шықпай, дәл қазір орта ғасырлық деңгейде өмір сүріп жатқандарына осы әйел адамға деген көзқарасына тікелей байланысты. Сен сол орта ғасырлық «араб мракобесиясын» қазақтарға тықпалауды қойсаңшы айналайын.

Философтар әдемі де жүйелі сөйлеп, халықты ұйыта алады. Бірақ теріс жолда жүрген философтар өте қауіпті. Арабтың Әл-Ғазали деген философы «Математика сайтандардың ісі» деген түсінігін бүкіл арабтарға тықпалап, оларды ғылым білімнен жұрдай қылды. Әл-Фараби бабамызды қаралап, мүлде іске алғысыз адам қылып көрсетуге тырысқан да сол кісі. Өте шешен, ділмәр болғандықтан ықпалы да өте зор болды. Сен қазақтың Әл-Ғазалиі болып келе жатырсың. Сенің сол орта ғасырлық, халқымызды топастандыруға апара жатқан ісіңді көріп отырып айтпауыма болмады.

Атыңның басын ғылым, білімге қарай бұрғаның жөн, осы елде сенің де бала-шағаң тұрады, біз Алаш армандаған қоғамды құруымыз керек.
Құрметпен Ахметбек ағаң!

Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4317    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 16:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31