Халқының 1 пайызы да үлкен тенниспен айналыспайтын, ракетка ұстап көрмеген елміз ғой

01 тамыз 2021, 22:38

Халқының 1 пайызы да үлкен тенниспен айналыспайтын, ракетка ұстап көрмеген елміз ғой. Олимпиадада медаль алсақ ұят болушы еді.
Олимпиада медалі — елде сол спорттың дамығанының көрсеткіші. Жапониядағы дзюдо, Қытайдағы пинг-понг, Ресейдегі гимнастика, фигурное катание, АҚШ-тағы жеңіл атлетика, жүзу сияқты. Өзі әжептәуір қымбат спорт.
Үлкен теннис Қазақстанда дамымаған. Қазақстанда тумаған, тұрмаған және жаттықпаған Рыбакина онимедаль алса да,
ол көрсеткіш емес. Бізде тұтас қалалалар бар теннис корты жоқ. Бүгін медаль алсақ та, ол тек спорт шенеуніктерінің отчетына қызмет етер еді.
Сол себепті легионер Рыбакинаның жеңілісіне қатты қайғырмайық).
Қайта пинг~понг бізде біршама жақсы дамып келеді. Көптеген мекемелер кеңсеге теннис столын қойып қойған. Биыл БАҚ арасында жарыс та өтті. Ең спортқа епсіз менің өзім ойнап көргенмін))