Халық әскерге осылай рух беріп жатыр

25 қазан 2020, 01:15

Әзірбайжан әскерінің қатардағы солдаты жаудан қайтарып алған Гадрут ауылын түсіріп желіге видео салады ғой.
"Шіркін мына екі есікті мерседесті айтсаңшы, өмір бойғы арманым осы машина" деп тамсанып, қаруластарына айтып келе жатқан сөздері бар екен ішінде.
Видеоны көрген Фарид Новрузи деген бизнесмен, солдаттың арманындағы көлікті сатып алып дайындап қойыпты және ФБ-ға былай деп жазыпты:
"Ол жігіт қазыр ең алдыңғы шепте соғысып жүр екен. Алаңдап жүрер, мазасын алмайық. Аман-есен үйіне ардагер болып оралған соң, өзі айтқан мерседестің кілтін жеке қолына тапсырамын. Жауынгерімізге құдай күш қуат берсін. Әумин!"
Әзірбайжан бизнесмені көліктің нөміріне дейін қатырып қойған. Халық әскерге осылай рух беріп жатыр.

Дарын Нұрсапар

Фейсбуктегі парақшасынан