Сен тұр - мен айтайын!

Халыққа ар-ұятын саудаға салатын саяси жезөкшелер көбірек зиянын тигізеді...

  • Халыққа ар-ұятын саудаға салатын саяси жезөкшелер көбірек зиянын тигізеді...

    Халыққа ар-ұятын саудаға салатын саяси жезөкшелер көбірек зиянын тигізеді...

АРЫҢДЫ ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРЫ, ЗАМАНДАС!


Ар-ұятыңа адал бол!
Адам баласының басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да, ар-ұятына адал болуы емес пе?! Біз осы өзіміздің атымызға, арымызға, ұятымызға, ең бастысы Өзімізге адал болып жүрміз бе?..
Кейде қызмет, мансап, атақ, сыйлық, ақшаға бола Өзімізге өзіміз сатқындық жасаймыз. Өз арымызды, ұятымызды саудаға саламыз! Намысымызды ысырып қоямыз! Бұл қалай? Осыншалықты құлдырауға, тексізденуге не себеп?
Бесіктен беліміз шықпай жағымпаздыққа, сатқындыққа үйренеміз. Бұл біле білсең, Өзіңді өзің сату ғой, Өзіңе өзің сатқындық жасау ғой! Өз абыройыңа, өз атыңа кір келтіру &ndash өзіңді өзің сату емей, немене?! Басқа емес, тым құрмаса, Өзіңді өзің сатпасаңшы, айналайын! Өзіңе өзің сатқындық жасамасаңшы! Содан кейін сені кім сыйлайды?! Не қадір, не қасиет қалады?
Тексіздерге, түк көрмеген құл-құтанның ұрпағына бәрібір! Ал тектілердің ұрпағына бұл қылық жараспайды ғой! Ұят қой! Намысың қайда?.. Оның үстіне Ер-Азамат деген атың бар емес пе?! Неге сонша тексізденесің?..
Көшеде тұрған жезөкшелерді сөгеміз, тілдейміз, ең сорлы, бұзылған адамдар солар дейміз! Әрине, оларды ақтап алайын деп жатқаным жоқ! Бірақ, ең сорақылық, арыңды сату, ұятыңды саудалау, намысыңды ысырып қойып, мықтыға жағымпаздану. Сол арқылы игілікке жетуден асқан масқаралық жоқ. Жағымпаздық та жезөкшеліктің бір түрі және ең сорақы түрі... Халыққа көшеде тұрған жезөкшелерден, ар-ұятын саудаға салатын саяси жезөкшелер көбірек зиянын тигізеді... Оны дәлелдеудің қажеті де жоқ... Күнделікті көріп, куә болып жүрміз!..
Бүгінгі істегенім, ертең ұмытылып кетеді деп ойлама! Ештеңе ұмытылмайды! Не істесең де мәңгі-бақи сенің есіміңмен ілесіп бірге жүреді. Қыр соңыңнан ешқашан қалмайды! Жақсылығың да... жамандығың да...
Сенің кім екеніңді Өзің мойындамағаныңмен, елдің бәрі біледі... Бетіңе айтпаса да, сыртыңнан айтып жүреді... Осыны да ұмытпа, есіңнен шығарма!..
Ертеңгі күнге қалатын сенің қызметің, мансабың, атағың, сыйлығың емес, жақсы немесе жаман атың!.. Абыройың... Ендеше, Абыройыңды қызғыштай қоры, замандас!
Тарихта жаман атың емес, жақсы атың қалсын!

Думан Рамазан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1684    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31