Сен тұр - мен айтайын!

Халыққа асперин мен парацетамол тауып бере алмай отырып, бұл не жыртылу?

  • Халыққа асперин мен парацетамол тауып бере алмай отырып, бұл не жыртылу?

    Халыққа асперин мен парацетамол тауып бере алмай отырып, бұл не жыртылу?

БҰЛ НЕ МАСҚАРА!


Қызуы көтеріліп, жөтелі үдеп, иіс пен дәмді сезбей қалғандарды үйінде емделуге кеңес беріп жатыр. Ауруханаларда орын жоқ дейді. Осы күнге дейін Алматыда, кешегі соңғы мәлімет бойынша, короновирус жұқтырған 7811 адам тіркеліпті. Оның 4535-і жазылып, үйлеріне шыққан. 54-і қайтыс болған. Сонда қазір тіркеуде тұрғаны 3222 адам. Олардың да жартысы симптомы жоқтар. Олар үйінде емделеді. Сонда 3222 адамның жартысынан астамы ауруханада жатыр деген сөз. Мейлің біз оны көбейтіп 2000 адам дейік. Осы 2000 науқас адамға Алматы ауырухана тауып бере алмай отыр. Өзбекстан болса ә дегенде Зәңгіата ауданында 10 мың адамдық аурухана салып тастады. Шыршықта салғаны да сол шамалас көрінеді. Басқа қалаларына тез арада салған ауруханалар жеткілікті.
Ал біз Алматы сияқты үлкен қалада екі мың адамға орын тауып бере алмай отырмыз. Бұл не масқара? Короновирусқа қарсы тұруға сақадай саймыз дегені қайда? Короновируспен күрескен істерің құрысын.

Сөйтіп отырып Тәжікстанға жүз ИВЛ аппаратын гуманитарлық көмек ретінде береміз деген не сұмдық!
Бұл халықты қолдан қыру ғой. Сенбесеңдер ауруханаларды аралап көріңдер. Ол жерден 19-ғасырдың көрінісін көресіңдер. 40 литрлік ауыр оттегі баллондарының палаталарға қалай тасымалданып жатқанын, одан шыққан түтікті 5 литрлік пластик бөтелкелерге қалай жалғап, өкпені желдеткіш аппаратының қалай қолдан жасалып жатқанына куә боласыңдар.
Менің бір жақын досым осы ИВЛ аппаратының жетіспегенінен көз жұмды. Астанада тұратын тағы бір досым барлық жиған-тергенін жұмсап, 500 мың теңгеге осы аппаратты сатып алған. Бірақ уақыты өтіп кеткендіктен келіншегі 54 жасында бақиға аттанап кете барыпты.
Халыққа айтуға тұрмайтын асперин мен парацетамол дәрілерін тауып бере алмай отырып, бұл не жыртылу?


Нұрлыбек Саматұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2364    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30