Сен тұр - мен айтайын!

Халыққа еш қажеті болмаған соң пошта мен банк те жабылып қалған

  • Халыққа еш қажеті болмаған соң пошта мен банк те жабылып қалған

    Халыққа еш қажеті болмаған соң пошта мен банк те жабылып қалған

Ауылға бардым. Қазір ауыл бұрыңғы ауыл емес. Ауыл кейпінен әбден айырылып қалған. Бұрыңғы көшесінен тезек теріп, шаңы бұрқырап жататын ауылды қазір түсімде ғана көремін. Бұрын қақпаның алдында бұзаулар жайылып жүруші еді. Таңертең бір отар қой өріске кетіп, кешке қарай сақалы беліне түскен қариялар ауылдың жетіндегі дөңге жиналып малдың алдынан шығып күтіп алатын. Қазір біздің ауылдың халқы тышқақ лақ асырамайтын болыпты. Өйткені қазір біздің ауылдың халқы ет жеуді мүлде қойып, тек көкөніспен, "Гербалайф", "Энерджи Диет Коктеил" сияқты тағамдарды ғана қолданатын болды. Қазір ауылдың барлық көшесі асфальтанып, табиғи газ тартылып, үйлер орталық жылу жүйесіне қосылғаннан бері ауыл халқы жиналып отын-шөп шабуға да бармайтын болды. Бұрын рахат еді ғой. Көршінің үйі мен екі ортада қоршау жоқ. Бүкіл ауылдың халқы бір-бірінің үйіне аласа шарбақтан аттап өтіп, арлы-берлі араласып жүре беретін. Бүгінде елдің барлығы зәулім үйлерін биіктігі 3 метр тас дауалмен қоршап алып, ауласындағы бассеиндерде суға шомылып, күнге қыздырынып жатып алатын болды. Ауыл жоғарғы интернет желісіне қосылып, "Каспий голд," "Каспий кошелек" дегендер пайда болғалы тіпті кемпір-шалдар да поштаға зейнетақы алуға да, түрлі төлемдер жасауға да бармайтын болыпты. Халыққа еш қажеті болмаған соң пошта мен банк те жабылып қалған көрінеді. Ең қызығы ауыл әкімінің айтуынша ауылдағы 11 жылдық мектептер қысқарып 4жылдық мектепке айналыпты. Тіпті аурухана да жабылудың аз-ақ алдында тұр деді.

-" Ауыл халқының барлығында Өскемен мен Астанада бір-бір квартиралары бар. Барлығы да балаларын 5-сыныпты бітірген соң қалалардағы Назарбаев интелектуалды мектебіне оқытуға алып кетеді. Қазір елдің барлығы ақылды болып алған.тіпті денсаулықтарын күтетіні соншалықты, ауыратын адамдардың саны да күрт кеміген. Тұмау тиген бірен-саран адамдар бірден қаладағы қымбат клиникаларға барып емделе салады" - дейді. Алақандай Ақжарымнан Астана мен Алматыға аптасына бірнеше рет самолет ұшып қонады екен. Бұрыңғы ауыл көркінен айырылып, "біртүрлі" болып кеткен ауылымнан көңілім расымен де құлазып, бала кезімізде сарышұнақ тышқан қуып, балық аулайтын "Көктал" жаққа жаяу тартып кеттім. Ауылдың маңайы бұрыңғыдай мал жайылып, адам аяғы баспаған соң ну жыныс орманға айналыпты. Орманның қақ ортасына бардым да көк майса шөптің үстіне құлай кеттім. Сайраған бұлбұлдың, шырылдаған қара шегірткенің, қарқылдаған қарғаның дауысына дейін барлығыда таныс дауыс.Бір сәтте ойымды не малдың, не адамның даусына ұқсамайтын бір бөтен дауыс бөліп жіберді. Дауыс шыққан жаққа жалт қарасам... о тоба... кәдімгі маймылдың 5-6 баласы ағаштың ұшар басынан басынан банан теріп жеп, бір-біріне кокос лақтырып мәре-сәре болып ойнап жүр. Сілкінген киви бұтағынан үзіліп түскен бір киви бетіме сарт ете түскенде селк етіп оянып кеттім. Оянсам күнтізбе 1- сәуірді көрсетіп тұр екен.


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1136    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31