Сен тұр - мен айтайын!

Халықты азық - түлік арқылы өлтіру

  • Халықты азық - түлік арқылы өлтіру

    Халықты азық - түлік арқылы өлтіру

Биологиялық соғыс демеске шара жоқ!

Жағымсыз болса да, мына бір жайтке байланысты ой бөліссем деймін. Қазіргі уақытта, Қазақстанның азық - түлік қауіпсіздігi бақылаусыз кеткенi сонша, диззи, горилла дей ме, аты өшкipдiң, тағы басқа энергетикалык сусын iшкеннен, жастар арасында жүрегі тоқтап қайтыс болғандар туралы жиі естіп жүрмiз. Қайбір күні, бip таныстың жалғыз ұлы осы энергетический сусын iшiп, қайтыс болыпты деген суық хабар жетті. Содан жүрегім сыздап, аулаға шығып отырсам көрші жiгiт тұр, осы суды iшiп. Дереу, '' Ойбүй, таста, iшпе, iшпе''- деп, төккіздipiп, естіген хабарды оған айттым. Сөйтсем, оның қауіпті екенін білемін, апай. Нағашы ағам осы сусынның тоғыз бөтелкесiн iшiп, жүрегі тоқтап қайтыс болған деп караап тұр. Әй, енді, біле тұра неге iшесiң! Өлтіретiнiн біліп тұрып iшетiн, бұл сусынның не құдіреті бар? - дедім. Жауап бере алмай иығын қикаң еткізді. Ия, менің де жап - жас күйеу балам осы сусынды iшiп қайтыс болған. Түнде көлік жүргізіп отырып қалғып кетпейiн деп сегіз бөтелкесiн iшкен екен. Ол, Астана мен Шымкент қаласы арасында жолаушы таситын. Ал, басқалардың бұл қарғыс атқан сусынды атадан қалған астай сүйсіне iшетiндей не құдіреті бар деймін ғой?! Бұл жiгiт тұрмак, бұл сұраққа басқалар да жауап таба алмайды.
Әйелдердің күйеуін жалмап, ай - күннің аманында балаларды жетім етіп жатқан мына сұм тажалға неге бiздiң елде сатуға, жалпы шеттен алып кipгiзуге тосқауыл жоқ деймін де?! Ұлттық қоғамдық кеңес қоғам үнiне құлақ салыңыздар. Мына энергетический сусындар тағы да басқа адам өмірін жалмамай тұрғанда, сауда сөрелерінен алып тастап, сатуға қатаң түрде тыйым салған жөн. Дегенмен, неге бұлай деп тереңірек ойласа, бір жағынан бұл қазақты қырудың биологиялық әдісі сияқты ма деп қаласың! Соғыстың түрі көп қой. Соның бірі , биологиялық соғыс. Ол халықты азық - түлік арқылы өлтіру. Демек, бұл мәселе көз жұма қарайтын ic емес. Кезек күттipмей дабыл қағатын мәселе!

Зубаира Акимова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30