Сен тұр - мен айтайын!

Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

  • Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

    Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

  • Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

    Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

  • Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

    Халықты «екпе алсаң үйтіп қаласың, бүйтіп қаласың» деп қорқытудың қажеті жоқ

Екпе салдырдым. Бәрі дұрыс. Өзгерген ештеңе жоқ, бұрын қандай болсам, әлі сондаймын. Шыны керек, ең соңғы сәтке дейін екіойлы боп жүргендердің бірі мен едім. Алып-қашпа әңгімелерге еріп, күдікке беріліп. Түсінгенім, адам өзі неге сенгісі келсе, соған сылтау тауып алады екен. Салдырғысы келмей тұр ма, ол "ойбай, бәлен жерде түген адам салдырса, ауырып қалыпты" немесе тіпті "өмірімен қош айтысыпты" деген сияқты. Мен сіздерге айтайын, Алла сақтасын, ондай жағдай әзірге бола қойған жоқ, болмасын да. Себебі дәрігерлер де жынды емес, олар инені тарс еткізіп тыға салмайды, алдымен ауруыңның "жеті атасын" түгендеп алады. Сосын әйел затынан "аяғың ауыр емес пе?", "бала емізбейсің бе?" деп міндетті түрде сұрайды. Сосын сатурация, қан қысымы, дене температурасын өлшейді. Сосын барып, "годен" деп екпе бөлмесіне жолдама береді.
Айтайын дегенім, онсызда кімге, неге сенерін білмей жүрген халықты "екпе алсаң, ойбай үйтіп қаласың, ана жерің бүйтіп қалады" деген сияқты аңыз әңгіме жанрымен қорқытудың қажеті жоқ. Себебі нағыз қорқыныштың көкесін осы дерттің дәмін татып көргендер мен жақындарын жоғалтқандар біледі. Бір жақын құрбым осы атың өшкір індеттен әкесі мен екі әпке, бір көкесінен айрылды, былайша айтқанда бір әулет кетті, бас-аяғы екі-ақ аптада. Тағы бір жақын досымның әулеті екі бірдей арысынан айрылды. Екі сыныптасымның бірінің әкесі, бірінің шешесі көз жұмды осы дерттен. Ең жақын құрбым қаза болған әкесіне (өз ажалы) бір уыс топырақ сала алмай, еңіреп жылағаны есімде. Себебі блок посттан өте алмады, шетел емес мына тұрған Нұр-Сұлтаннан келе алмады. Ол да адам үшін қандай өкініш. Одан бөлек қазақтың қаншама игі жақсыларын әкеткенін көрдіңіздер өздеріңіз де. Ендеше не артқа тартушылық бұл ұқпаймын? Былтыр ғана осы уақытта үйден аттап басып шыға алмай, "ақырзаман" келгендей күй кешіп едік қой, ұмыттық па соны? Сол сәтте "бір елде бір ғалым дәрісін тапса екен, осыған қарсы бір амалы табылса екен, е Құдай"' - демеп пе едік? Күн сайын статистика санап, иманымызды үйірген күндерді өз басым өмірімнің соңғы сәтіне дейін ұмыта алмаймын. Сондықтан өз күмән, күдігімді жеңіп, Аллаға тәуекел деп осындай қадамға бардым. Ең әуелі ата-ана, бауыр, балаларымызға, сосын елге қауіп төндірмеу үшін. Екінші індетті тек ілім жеңеді, соған үлес қосу үшін. Шүкір, бәрі жақсы. Енді 21 күнді күтеміз, екінші компонентін салдыру үшін. Бәрі жақсы болады! Елді індеттен сақтайық! Ең әуелі өзімізден бастап.

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2445    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31