Сен тұр - мен айтайын!

Халықты қырқыстырып қойған тіл мәселесін шешіп тастайтын уақыт болды ғой!

  • Халықты қырқыстырып қойған тіл мәселесін шешіп тастайтын уақыт болды ғой!

    Халықты қырқыстырып қойған тіл мәселесін шешіп тастайтын уақыт болды ғой!

Шелектен келе жатқанда, жолдан серік болсыншы деп бір әйелді ала салдым. Шешесінің үйіне барып, қаладағы пәтеріне түнделетіп қайтып бара жатқан орыс келіншек екен. Жол бойы ананы бір, мынаны бір айтып отырдық та, бір кезде әңгіме балабақшаға ауысты. Қаладағы бір садикке баласын әрең дегенде кіргізіпті. Соны шешіп, арқасынан бір жүк түскендей болғанын айтты. Өзі әлеуметтік желіде отырады екен. Арасында соткасын шұқылап, біреулерге лайк басып отырғанынан байқап қалдым. Әңгіме арасында мемлекеттік тіл туралы көзқарасын, балабақшаны мемлекеттік тілге ауыстыруға қалай қарайтынын сыр тартқандай қылып сұрадым. «Балабақшаны түгел мемлекеттік тілге ауыстыруға ешкім қарсы емес. Садиктің барлығын тегін қылып, мемлекеттік тілге көшірсе, орыстардың бәрі баласын қазақ балабақшасына апарып беретін еді. Қаладағы қазақ садиктеріне бергіміз келеді. Өзіңіз білесіз ғой, олар ақша сұрайды. Одан қалса «өз садигіңе бар» деп шығарып салады. Содан орыс садигін іздеп жүргенің, сандалып. Бәрін мемлекеттік тілге көшіріп, тегін қылып қойса ғой, шіркін, кім қарсы болады оған?!»,- деді, әлгі жерде ашынғандай болып. Билік осы мемлекеттік тілдің жайын, балабақшаны қазақшаға ауыстыру мәселесін әлі сағызша созып келе жатқаны шындық. Оған ешкім қарсы шықпайды. Аздап саяси жігер керек оған, болды. Халықтың көңіліне қарап отырмағаны белгілі нәрсе ғой. Отыз жыл бойы күнде кейінге шегеріп келе жатқан осы түйіткілді шешуге сол биліктегілердің өзінің құлқы болмай отырған сияқты. Әйтпесе, быт-шыт болып, халықты текке қырқыстырып қойған мемлекеттік тіл мәселесін, ұлттық идеология мәселесін баяғыда-ақ бір жағына шығарып, шешіп тастайтын уақыт болды ғой!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1570    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30