Сен тұр - мен айтайын!

Халықтың денсаулығына зиян келтіргенше, табиғи таза өнімдермен қамтысаңыздар қайтеді?

  • Халықтың денсаулығына зиян келтіргенше, табиғи таза өнімдермен қамтысаңыздар қайтеді?

    Халықтың денсаулығына зиян келтіргенше, табиғи таза өнімдермен қамтысаңыздар қайтеді?

Англияда азық-түлік саласындағы кластерлік әдіс жақсы дамыған. Азық-түлік сататын супермаркеттердің басым көпшілігінде өз шаруашылығы бар. Өздері өсірген көкөніс, өз фермасындағы мал өнімдері, өздерінің наубайханасында пісірілген нан, өз егістігінің егінінен өз фабрикасында шығарылған макарон деген секілді. Тұтынушылар «ана дүкеннің азық-түлігі мынаныкінен артық» деп, салыстырып жүргені. Осыдан келіп тұтынушы үшін «күрес» басталады. Түптеп келгенде сапаны нарық реттейді. Сатушы өнім бағасының сапасына сай болуын қатаң қадағалауға мәжбүр.

Бір ғана сүт өніміне байланысты мысалды алайық. Түнде сауылған сүт түнімен құтыға құйылып, таңертеңгісін сауда сөресіне қойылады. Жаңа сауылған сүт болғандықтан бағасы да қымбат, әрине. Түске дейін сөреде тұрып қалса, дереу бағасы сәл-пәл арзандатылады. Ал кешке дейін өтпесе, тіптен арзан бағамен кетеді. Органикалық сүт сөреде бірақ күн тұрады. Одан ары бейорганикалық болып саналатын басқа тағамға айналдырылады немесе утилизацияға кетеді. Саудада үш күн немесе одан да көп тұратын сүт өнімдері де бар, әрине. Олар бейорганикалық өнімдердің қатарына жатқызылады, өйткені құрамында ұзақ сақталу үшін қосылған консервант бар. Мұндай өнімдердің бағасы органикалық өнімдермен салыстырғанда біршама арзан. Ең бастысы «органикалық», «бейорганикалық» деп бадырайтып тұрып жазып қояды. Азық-түлік өнімдерінің кез-келген түрі (ет, жұмыртқа, нан, май, макарон, көкөніс, т.с.с.) осылай екі топқа бөлінеді. Классификациялау барысында азық-түліктің әу бастан сауда сөресіне жеткенге дейінгі өндіру тәсілі (тыңайтқыш, гендік модификация, мал жеген жем-шөптің табиғи тазалығы, т.с.с. факторлар) негізге алынады. Қалтаңыз көтере ме, органикалық тағам пайдаланыңыз, көтермей ме бейорганикалықты қанағат тұтыңыз. Таңдау өзіңізде.

Түйіні: Ауыл шаруашылығының басы-қасында жүрген шағын және орта бизнес өкілдерінің құлағына алтын сырға. Аумағы ат шаптырым гипер сауда орындарында қырым-ырымнан жиналған бейорганикалық өнімдермен халықтың денсаулығына зиян келтіргенше шағын маркеттер ашып, тұтынушыларды өзіміздің табиғи таза өнімдермен қамтысаңыздар қайтеді?


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1062    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 13:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31