Сен тұр - мен айтайын!

Халықтың кедей болғаны авторитарлық режимге ыңғайлы

  • Халықтың кедей болғаны авторитарлық режимге ыңғайлы

    Халықтың кедей болғаны авторитарлық режимге ыңғайлы

Халықтың кедей болғаны авторитарлық режимге ыңғайлы
Ащыбұлақта үй салып жатырмыз. Сәуір айынан бері сенбі-жексенбі, мерекелік демалыстарда сол жақтамын. Барған сайын мессенджер, әлеуметтік желі дегенді ұмытасың. Тіпті кейде әлеуметтік желі еріккеннің ермегі, іші пысқан адамның ісі, бос мылжың, мақтану немесе бу шығарып алу үшін ғана керек сияқты көрініп кетеді. Шынайы өмірмен байланысы жоқтай. Солайы солай да шығар…
Бірақ мәселенің екінші жағы барын байқадым. Көршілерімнің көбі алажаздай құрылыспен айналысты. Біреу үй салса, екіншісі үйін үлкейтіп әлек. Үшіншісі айналасын қоршап, сарай салып дегендей. Қолы босаса шаршағанын басып, тынығуды қалап тұрады. Еңбек демалысында кешке бір уақыт сайтқа шыққан материалдарды қарап қояйыншы деймін ғой. Сөйтсем, ми жұмыс істеуден бас тартады. Одан да жеңіл-желпі нәрсе қарасашы деп тұратындай. Түсінгенім жанбағыстан қолы босамайтын, проблемаға шырмалып, содан шығам деп жанталасып немесе кедейліктен құтылу амалымен бас қатырып жүрген адамның саясатпен шұғылдануға, қаржылық, құқықтық, я діни, я басқа сауатын арттыруға еш мұршасы болмайды. Кітап оқуға, білім қууға уақыты жоқ. Соның салдарынан пропаганданың, фейк ақпараттың, қасаң, қисық түсініктің құрбаны болады. Жетіген мен Боралдайдан шыққан ұшақтар төбеден күн сайын өтеді. Жақында бір көршім “мыналар да халықты улауын” қоймады ғой” дейді. Алдыңғы күні есік қойып жатқан жігіт “Қазақстан даусы” жобасында Ninety one мембері отырғанын көріп “мына мал не істеп жүр” дейді. Мүмкін жеке адамның тұлға ретінде дамуы алған тәрбиесі мен біліміне байланысты шығар, ал көпшілік көзқарасы, қоғамдық сана бәрібір тұрмысқа байланған сияқты. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсармай, одан азаматтық сананы/қоғамды күту қиын-ау. Авторитарлық режимге азаматтық қоғам ұнамайды. Сондықтан кедейшілік қолдан істеліп отыр демеймін, бірақ халықтың кедей болғаны авторитарлық режимге әбден ыңғайлы.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1992    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 00:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30