Сен тұр - мен айтайын!

Халықтың мәселесін төменнен зерттеп барып, шешім қабылдаған жөн

  • Халықтың мәселесін төменнен зерттеп барып, шешім қабылдаған жөн

    Халықтың мәселесін төменнен зерттеп барып, шешім қабылдаған жөн

Бұл жолғы науқан сайлауды бақылау мәдениеті қалыптасқанын анық көрсетті. Бұл – халық үшін де, билік үшін де үлкен тәжірибе.

Жұрт ел тағдырына, қала берді өз тағдырына салғырт қарамайтынын байқатты, даусының маңыздылығын сезді.

Атап айту керек, қазір халықтың саяси, ақпараттық сауаты әлдеқайда жоғарылаған. Өз құқығын жақсы біледі, мүддесін қорғай алады. Атқарушы билік қашанда осыны назарға ала отырып, әрекет етуі тиіс. Шынайы әлеуметтік зерттеулер қажет. Халықтың мәселесін төменнен зерттеп барып, шешім қабылдаған жөн. Қазір осы бағытта жақсы жұмыстар жасалып жатыр.

Сонымен қатар, халық сабырлылықпен өз мүддесін сауатты қорғай алса, сауатты диалог жүргізсе, қордаланған мәселелер сонда ғана нақты шешіле бастайды деп ойлаймыз.

Оны көпбалалы аналар мәселесінен көруге болады. Биылғы жылдың өзінде біраз әлеуметтік қолдауларға қол жеткізді. Баспана мәселесінде де алға жылжулар басталды. Қалталы азаматтар да қайырылып жатыр. Осының барлығы кеңесе, келісе отырып жасаған жұмыстың нәтижесі.

Бірлік, ынтымақ болған жерде қашанда береке де болатыны белгілі.


Қамбар Ахмет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 924    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 12:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30