Сен тұр - мен айтайын!

Хамствоға барғанымызды байқамай қаламыз кейде.

  • Хамствоға барғанымызды байқамай қаламыз кейде.

    Хамствоға барғанымызды байқамай қаламыз кейде.

Ертеректе, біздің балаң кезімізде Конгресс-Холлда "Біз үшеу едік" деген шығармашылық кеш өтті. Төлен Әбдіктің кеші, Дулат Исабеков жүргізді. Кеш иесінен бұрын Дулат есімде қалыпты. Юморы күшті, 1200 орындық залды 2-3 сағат бойы тырп еткізбей ұстады. Сондағы бір айтқаны әлі есімде..
- Тоқсаныншы жылдары Германияға көшкен бір немістің саяжайын сатып алдым. Неміс десе неміс екен, тап-тұйнақтай. Ағаштарының бәрі саптағы солдат сияқты түп-түзу, артық бұтақтары қырқылған. Атыздары оқтай, бәріне түтікпен су барып тұр. Үйін де, қоршауын да қатырып бояп қойған. Сол саяжайды үш жыл бақпай-қақпай жүріп, әзер қазақыландырып алдым, – дейді Дулат.
Бұл оқиға өмірде болды ма, болмады ма, кім білсін. Жазушы қазақтың бау-бақша жұмысына қырсыздығын, ашық-шашық, аңғал-саңғал халық екенін меңзегені ғой. Соны ащы юмормен, жұқалап жеткізгеніне тәнтімін.
Бірдеңе айтсақ, біреудің көңіліне қарамай, батырып айтуға тырысамыз. Хамствоға барғанымызды байқамай қаламыз кейде. Болған-толған, қазаққа бір адамдай еңбегі сіңген Дулат сияқты тұлғалардың өзі олай істемейді. Мәдениет һәм тәрбие.




Көрілген: 1997    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 13:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31