Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ХИДЖАП киген қыз сұлу ма әлде, орамал тақпайтын бірақ ЖҮРЕГІ ТАЗА қыз сұлу ма?

20 тамыз 2020, 11:10

Еркекпізғой "ерекше" киінген қыздарды көрсек есіміз кетіп, елең етеміз. Тақырып сол баяғы жабық киген сұлулар туралы. Хиджап жайлы дау ешқашан ескірген емес. Бірі арулардың тән жапқанын жақтаса, енді бірі бұл үрдісті мүлдем қолдамайды. "Хиджап арабтардың дәстүрі, біздің елге жат" деп шырылдайтындар да бар. Өтірік емес, мен де жаңағы "жабық киінген" қыздардың көшеде сыра ішіп, шылым шеккенін талай байқадым. Кезінде үйімнің жанында бір медресе болатын. Міне сол мекемеде тұратын қарындастарым күндіз иман, түнде иван сияқты жүргенін жиі көретінмін. Сөйтсем, сол медреседе хиджап киіп, "намаз" оқысаң тегін тұруға болады екен. Кейіннен білдім. Жағдайы жоқ студенттер амалсыздан орамал тағуға мәжбүр. Десе де, бес саусақ бірдей емес. Басына орамал тағып, жаны мен тәні таза арулар елімізде жетерлік. Көшеде көзін жерге түсіріп, ұяла қарайтын хиджаптағы қыздарға тамсанамын. Айтса да, нәзік жандылардың көбі бұл киімді қолдамайды. "Бастысы жүрегім таза, жарыма адалмын, бірақ орамал тақпаймын. Намазды кейін бастаймын. Әлі жаспын ғой" дейтін сұлулар да бар. Жалпы сұрайын дегенім, ХИДЖАП киген қыз сұлу ма әлде, (орамал тақпайтын бірақ ЖҮРЕГІ ТАЗА қыз сұлу ма???

 

 

Жан Ахмадиев

Фейсбуктегі парақшасынан