Сен тұр - мен айтайын!

Иә, біз осы сәт өмірді күзетіп тұр едік...

  • Иә, біз осы сәт өмірді күзетіп тұр едік...

    Иә, біз осы сәт өмірді күзетіп тұр едік...

Поликлиника дәлізінен тосып алған екі ақ халатты "Қайда барасыз? Қай жеріңіз ауырып тұр?" деді. Айтқаным сол "101 ге барасыз" деп, "там айналдырып" жіберді.
Емхананың артынан айқара ашылған есіктің алдында тұрған адамда есеп жоқ. Самайын ақ шалған қарттан, мұрты енді тебіндеген бозбала. Бәрі өздеріне қарай аяңдап басып келе жатқан адамды көздерімен үнсіз қарсы алады да, күрсініп қояды. Анадайда күйеуі құшақтап отырған апай, не беліне,не иығына жетпейтін бір жапырақ сүлгіге оранып алыпты. Басын көтеруге шамасы келмей, сұлық отыр. Күйеуі беторамалымен әйелінің біресе маңдайын сүртіп, біресе қолынан ұстайды. Көзінде үрей тұнып тұр. Одан әрі қарауға дәтім бармады...
Көзілдірік таққан бозбала күрк күрк жөтеледі.Жөтел қысқан сайын намыстанады ма, әйтеуір орнынан тұрып, ұзап кетеді. Қайта айналып келеді де, басы салбырап ойға шомады.Бәлкім үйленер тойын,мүмкін сүйген қызын ойлайтын шығар.Әйтеуір ерініне болмашы күлкі үйіріледі де,қайта жөтелге ұласып кетеді. Іштен шыққан қарт әжей "үйге барып өлемін.Кезекте тұрып көз жұмғанша" деп таяғына сүйеніп, қалт қалт етіп кетіп бара жатты. Жүздеген адамның ішінен тек бір қыз ғана ширақ. Музыка тыңдап, анда санда әуенге қосылып ербең ербең етіп билеп қояды.Маған қарап: "мен иіс пен дәм сезбеймін.Ауру емеспін ғой ия?" деді.Үнінде үміт бар. "Жоқ,ауру емессің" дедім мен де жымиып.Бірақ қанша сенімді айтсам да, даусым анық шықпай,күмілжіп кеттім.
Сондай мейірімді, жүзіміз де жып жылы. Бір бірін ешқашан көрмегендер, бір бірін демеп, бір біріне медеу болуға тырысады. Айтқызбай түсінеді. Күш қуаты ортаймағандар әлсіреп,ауырып тұрғандарға орын беріп неше сағат қаққан қазықтай тікесінен қасқайып тұр. Иә, біз осы сәт өмірді күзетіп тұр едік...


Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 934    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30