Димаштың қайда баратынын, қай жерде кәнсерт беретінін әке-шешесі шешетін сияқты. Өзі де бір әңгімесінде әке-шешесін қатты сыйлайтынын айтып қалған. Ресейдің жүрегін жаулап алмақ болып, бұл жолы оны Мәскеуге жіберді. Ата-анаңның көңіліне қараған да дұрыс қой. Бірақ әке-шешесі осы жолы қателесті. Біздегілерде әлі күнге дейін Мәскеуге қарап сағатын түзейтін Сәвет кезінен қалған бір психология бар. Сағатын ғана түзеп қоймайды ғой, Мәскеуді әлі де орталық секілді көреді солар. Осы психологиядан құтыла алмай-ақ қойдық. Игорь Крутой Димашты қолына алып, оған бәрі керемет болады деп, уәдені үйіп-төгіп беріп жатыр екен. Игорь Крутой деген кім? Игор Крутой – постсәветтік республикалардың ауқымнан аса алмаған «жұлдыз». Димашты ол пиарға (өзін жарнамалауға) пайдаланып кетуі де мүмкін. Бізге қазір батысқа, Европаға қарап бет түзеу керек. Ресейдің музыка нарығымен әлемдік нарықта ешкім санаспайды. Димаш егер оларға байланып қалса, әлемдік аренадағы біраз беделден айырылып қалғалы тұр. Оған орысты мойындатып керек емес. Европаны мойындатса болды. Европа мойындаса – әлем мойындағаны оны!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан