Интеллектуалдар тарихты ұлтты жұмылдыру үшін жазуы тиіс
Ұлттың тарихын жазғанда нақтылық, шынайылық маңызды емес. Маңыздысы – оның поэтикалық, дидактикалық және интеграциялық мақсатты орындай алуы. Ол тарих қарапайым төменгі тап өкілдерінің ұлттық санасын оятып, бүкіл жұртты саясиландыра алуы керек. Интеллектуалдар тарихты элитаға қызмет ету үшін емес, ұлтты жұмылдыру үшін жазуы тиіс. Яғни, политизация мен мобилизациядан өтпеген халық ешқашан толыққанды ұлт болып қалыптаса алмайды. Ұлтты қалыптастыратын тарихқа керекті алғышарттар:
– Уақыт (әлмисақтан келе жатқан ежелгі ұлтпыз)
– Жер (Алтай мен Атыраудың арасы – ұланғайыр алқап)
– Ата-тек (Біз текті ұлтпыз, шежіреміз өзімізге де, өзгеге де мәлім)
– Жау (Жерімізге көз салғандардың барлығын тойтарып, осы заманға ұлт болып жеттік)
– Алтын ғасыр (Біздің гүлденіп, өркендеген кезіміз болған, мәдениет, өнер, ғылым-білім атаулы бізде дамыған)
– Құлдырау (Белгілі себептермен ұлтымыз бодандыққа түсті, өркениетіміз құлдырады)
– Қайта түлеу (Тәуелсіздік алып, еңсемізді тіктеп, бұрынғы биігімізге қайта шығамыз)
Осы идеология қарапайым халыққа, жұрттың бәріне ұғынықты тілде насихатталып, бүкіл халықты ұлт төңірегіне топтастыруы керек.
Қазіргі іргелі мемлекеттердің көбі осындай идеологияны қолданған. Мәселен, ХІХ ғасырда финн интеллектуалдары Карелияға сапар шегіп, сондағы аңыз, балладаларды жинастырып, «Батырлар елі» атты эпос құрастырған. Бұл Финляндия мемлекетін құруға негіз болған.
Мұхтар Сеңгірбай
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы