Сен тұр - мен айтайын!

Ипотекаға пәтер сатып алсын деп, халыққа жерді әдейі бергізбейтін сияқты боп кетеді

  • Ипотекаға пәтер сатып алсын деп, халыққа жерді әдейі бергізбейтін сияқты боп кетеді

    Ипотекаға пәтер сатып алсын деп, халыққа жерді әдейі бергізбейтін сияқты боп кетеді

Баспана мәселесі неге шешілмейтіне таңмын? Қазаққа жер берсе болды ғой, өзі-ақ салып алады. Он сотық жер берсе, еш айқайсыз, әркім қалағанынша үй салар еді-ау? Үй сатып алғаннан - салған тиімді. Қалаған құрылыс затымен саласың. Тоймай жесең - тай қалады демекші, сәл белбауды тартыңқырасаң, салып тастағаныңды байқамай қаласың. Жеке тәжірбиемнен. Шымкентте жер құны у-дай?! Арзандау жер тапсам, алдыңғы қателерімді түзеп, қатырған үй салып алар едім ә?! Әттең, ауасы суық. Суыққа аллергиям бар. Әйтпесе, жері бос жатқан Қостанай жаққа кетіп қалар едім де, жиырма сотық жерге ғажайып үй салып алар едім дә?! Суыққа шыдайтандар неге көшпейді екен осы?) Өз жерім алты-ақ сотық. Оған да шүкір. Жоқ болса не істер едім?! Жәй. Бір танысым телефон шалып, екі бөлмелі пәтерді ипотекаға алғанын жүрегі жарыла айтты. 18 жыл бойы ақшасын құюы керек екен. Қиын ә? Жері болса ғой, әрі кетсе 4-5 жылда діңгектей үйді дөңгелете салып алар еді? Бір арам ойым, алпауыт құрылыс компаниялары жерді халық ипотекаға пәтер сатып алсын деп, әдейі бергізбейтін сияқты боп кетеді. Адамға не ой келмейді иә?


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31