Сен тұр - мен айтайын!

Ислам діні мейірімді дін еді бұлар мейірімсіз етіп көрсетті

  • Ислам діні мейірімді дін еді бұлар мейірімсіз етіп көрсетті

    Ислам діні мейірімді дін еді бұлар мейірімсіз етіп көрсетті

Е,е мен кеш қалдым, кеш түсіндім. Әу, баста тізгінді бермеу керек еді. Атам қазақ: "Қатты, қатты сөйлесең мұсылман діннен шығады" дегенін көзім көрді. Сырттағы қаттылар мен іштегі қаттылар мақсаттарына жетті. Камал ағам айтқандай бүгін қазақтың бір баласы діннен безіп, тәңіршілдікке бет бұруда. Ол бір емес мұндайлар жиілеп жатыр. Егеменді ел болып өшкеніміз қайта жанғанда дінімізге де қол жеткізген едік. әу баста бәрі жақсы еді ата-бабаларымызды сыйлайтын, дұға оқитын едік. Кейіннен бір қаттылар пайда болды да кейінгі жас толқынның біразы солармен бірге кетті. Осыны көрген кейбір жастар қаттылықтан қорқып, безіп ақырында соны Ислам дінінен көріп басқа дінге қарай кете бастады. Ислам діні мейірімді дін еді бұлар мейірімсіз етіп көрсетті. Содан барып "арабқұлдар" дейтіндер шыға бастады. олардың сөзі орынды еді қаттылыққа шыдай алмай дінді білмеген соң, жете түсінбеген соң солай ойлады. дінді арабтыкі деп ұқты. Әй, жетесіз қаттылар-ай, жүз мың адамның санасына дінді айтқан шығарсың бірақ қатты айтқаныңнан егер бір адам діннен безсе онда айтқаныңның бәрі бекер тіпті күпіршілік болды ғой. Бүгінгі дінге келген көп жастардан өзім де қорқып жүрмін. жүздерінде қаттылық бар руханиятқа, әулиге мүлде сенбейді тіпті бұлар молдалардың арасында да бар. задында олар мені де баяғы да "сопы, абайшыл, әулиешіл, дәстүршіл, ұлтшыл" деп құрбанға шалып жіберген. Сахнаға өздері тұрып алды ал бердік айтсын дедік сол ма айтқандары? салафи былай тұрсын ханафи деп жастарды қаттылыққа баулып жіберді. дінді білсең жеткізе алсаң айтуың керек еді білмесең тыныш отыруың керек еді.


Мұхиддин Исаұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.11.2018, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31