Сен тұр - мен айтайын!

Ислам дінінің парызымен жүретінін міндет қылғанына таңғалам

  • Ислам дінінің парызымен жүретінін міндет қылғанына таңғалам

    Ислам дінінің парызымен жүретінін міндет қылғанына таңғалам

Теріс ағымға өтіп, кейіп-кеспірінін өзгертіп, өзгенің қаңсығын таңсық қылып сапситып сақал өсіріп, қылғынып хиджаб киген һәм намаз оқитын жап-жас жігіттер мен қыздардың аузынан ақ ит кіріп көк ит шығып орамал салмайтындар мен сақал қоймағандарды тілдегенде, олардан өзін жоғары санайтынын  байқағанда, қысқасы, ислам дінінің парызымен жүретінін міндет қылғанына таңғалам.

 

Олар мен үшін де жиіркенішті адамдар.

 

Ал құдайдың алдында біз бірдейміз.

 

Өз басым Жаратқанды шексіз сүйем, құдіретті мойындаймын. Алланың берген нығметінің қадірін білем әрі қанағатым өте мықты!

 

Иә, намаз оқымаймын, бірақ құдайды жасандылықсыз жақсы көрем! Адамдарға мейірім мен махаббат деген асыл сезімді дарытқаны үшін ғана алла тағаланы есімнен шығарған емеспін. Өйткені менің қасымдағы мейірімді жандар, шынайы ықыласпен қалымды сұрайтын адамдар, зор махаббатпен мені іздеп жүретіндер жаратқан иемді ұмыттырмайды! Солай!

 

Ендеше, қазақ болудан қашып, ұлттық бет-бейнеңнен, азан шақырып қойған атыңнан безіп неменеге жанығасың? Сен сонша әспеттеп бояу жағып әсірелеген құдай мені де шексіз сүйетінін, маған да барлық нығметті беріп келе жатқанын неге ойламайсың? Арабтың сөзін әлдеқандай қылып сөздік қорыңа тықпалап, аузыңды бұрап сөйлеп, &ldquoсалих ұрпақтан болсын, балаң алланың сүйген құлы болуды нәсіп етсін&rdquo деген сияқты тым жасанды тілекті айтып, қазақ болудан қашқан жасанды мұсылмансың! Сендейлер көбейіп те жатыр.

 

Мейлі ғой. Бірақ...

 

Сүрінгенді демеп, жығылғанды тұрғызып, айналаңа есепсіз жақсылық жасап, мейірім мен ықыласыңды көрсетіп жүріп өлсең, саған онсыз да кез келген адам Құран бағыштап, дұға қылмай ма!? Қара басыңнан басқаны ойламай, өзіңнің пендеуи рақатың үшін ғана өмір сүрген тасжүрек болып өтсең, төңірегіңе кесіріңді ғана тигізіп өлсең, балаңның күні-түні зарлап Құран оқып, басыңа кеп дұға бағыштағанынан не пайда?  Дінді әсірелеме, тықпаштама.

 

Әркімнің өз қорғаушысы бар, құдай - біреу! Сені жарылқаған құдай мені де қарық қылып тастаған. Мені де шексіз сүйеді.

 

 

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2355    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31