Жаһандану процессінің өзімізге қажет ұтымды элементтерін ғана алуымыз керек

21 қазан 2020, 10:25

Қоғам әр- түрлі ойлайды. "Бес саусақ бердей емес" болғандықтан, тек саяси тұрғыда (плюрализм) ғана емес, қазақ социумының өзінде әр-түрлі рухани бағыт-бағдар пайда болды.
Өте терең ойланатын жағдай.
Біз жаһандану процессінен өзімізге қажет қана ұтымды элементтерін алуымыз керек.
Ұлт болып сақтанудың бір ғана жолы бар, ол салт-дәстүріңді (қазақылық) сақтап, бүгінгі өмір тенденциясынан қалып қоймау.
Ұлттың мықтылығы артқа қарайлай беру емес, болашаққа ұмтылу.
Сонымен бірге, өзіңнің рухани, мәдени кодыңды сақтай білу.
Біз (қазақ) өте азбыз, сондықтан, ұлттық ынтымақ, ықпалдастық, бірлік идеясы ең басты аспект болуы қажет. "Бірлік бар жерде тірлік бар" деп бекер айтпаған.
Бір қарасаң қарапайым, әбден дәстүрлі, бірақ, өте маңызды өмір философиясы...

Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан