Сен тұр - мен айтайын!

Жақсы әйелден еркек өлсе кетпейді

  • Жақсы әйелден еркек өлсе кетпейді

    Жақсы әйелден еркек өлсе кетпейді

 "Бәлен әйелді күйеуі бәленше баламен тастап кетіпті", "Түгленбай деген қатынды байы түгленбай баламен тастап кетіпті" деген әңгімені көп еститін болдық! Мен сіздерге ашығын айтайын: ЖАҚСЫ ӘЙЕЛДЕН ЕРКЕГІ ӨЛСЕ ДЕ КЕТПЕЙДІ! Байы тастап кетсе, әйелде бір кінарат бар ма деп ойлаймын. Себебі, ОТБАСЫНЫҢ АУРАСЫ, ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ болуы тиіс ӘЙЕЛ затына көп дүние байланысты.

Күйеуі қанша баланың көз жасына қарамай тастап кетсе - онда бір үлкен себеп болуы керек. Жәйдан жәй өз өмірін талқан етіп, өзегінен шыққан балаларының көзін жәудіретіп кету кімге оңай дейсіз?! Көп әйелдер тілінен татады, кей әйелдер салақтығынан, кейбірі күйеуіне тиісті деңгейде көңіл бөліп, жылу бере алмағандықтан, әрине, осы келеңсіз жағдайдың түпкі себебі түрлі болуы мүмкін. Дегенмен, еркектің аузынан "кетемін", "сенімен тұрғым келмейді" дегендей бір сөз шықса, мұны ДАБЫЛ деп қабылдау керек. Яғни, әйел баласы өзінің азаматына несі жақпай жүргенін саралап, одан дереу шешім шығарғаны абзал деп ойлаймын. Әдетте, ер адам мұндай шешімді әбден шегіне жеткенде (еркектің болмысы сондай) айтатыны бар. Сондықтан, қазақ әйелдері, шаңырақтарыңызды сақтаңыздар, азаматтарыңызды қадірлеңіздер, себебі осындай тәрбиені көріп өскен ұрпақ та ертең бізден көргенін жалғастыратынына күмән жоқ.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 3186    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.03.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31