Сен тұр - мен айтайын!

Жақсылап ізденсе, тарихты біліп тұрып айтса бірсәрі ғой...

  • Жақсылап ізденсе, тарихты біліп тұрып айтса бірсәрі ғой...

    Жақсылап ізденсе, тарихты біліп тұрып айтса бірсәрі ғой...

Көршіміздің қас-қабағына қараймыз деп жалтақтап жүргенде, түрік ағайындарды қатты ренжітіп алған сияқтымыз. Әлі ренжи қойған жоқ, бірақ жақында үлкен халықаралық дау (скандал) тууы мүмкін. Өткенде біздің «сарапшылар» түріктің «Бозқұрттар» деген ұйымының ишарасын (белгісін) көрсетіп суретке түскен осындағы 4-5 қазақ жігітін жауапқа тартты. Олардың ойынша, бөрінің белгісі фашистік нышан екен. Кімдердің мақамында сайрап отырғанын түсініп отырсыз ғой? Ал, ол белгі - Түркияның ұлттық қоғалысы партиясының белгісі. Бұл партия қазір Ердоғанның Әділет және даму партиясымен одақтасып, елді бірге басқарып отыр. Яғни, бұл &ndash биліктің партиясы. Масқара болғанда, билікте жүрген осы партияны көрші елдің идеологиясының ықпалымен фашистік ұйым деп айыптап тастадық. Жақсылап ізденсе, тарихты біліп тұрып айтса бірсәрі ғой, ол ақпаратты да интернетті ақтарып жүріп тауып алса керек. Ол туралы орыс тіліндегі мақаланың бәрі - түркі тектес халықтардың ынтымағынан өлердей қорқатын көрші елдің идеологиясының жетегінде жазылған. «Түйенің танығаны - жантақ» дегендей, орысшадан басқа тілді аса түсіне бермейтін біздің сарапшылар соларды оқып отырып бозқұрттарға «фашистік ұйым» деп «пәтуа» шығара салған сияқты. Түріктер әзірге бізде болып жатқан бұл жағдайды білмейді. Білсе, халықаралық дау туғалы тұр!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1608    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 09:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30