Сен тұр - мен айтайын!

Жалақыларыңызды көтеруді мұғалімді күндемей-ақ сұраңыздаршы, өтініш!

  • Жалақыларыңызды көтеруді мұғалімді күндемей-ақ сұраңыздаршы, өтініш!

    Жалақыларыңызды көтеруді мұғалімді күндемей-ақ сұраңыздаршы, өтініш!

Бір мәселені түсінбей жүрмін. Мұғалімдерден директорлардың жалақысы аз екенін қайталай беретіндер көбейіп кетті.
Мұғалімнің жалақысының өскеніне әрі кетсе 3 жыл болды. Тест басталғалы ғана. Оның үстіне барлық мұғалім ақшаның астында қалып, байып кеткен жоқ. Көп жерлерде 10 сағатпен жұмыс жасайтын мұғалімдер бар. 10 сағатқа 100 000 теңге жалақы алады. Көп жерлерде директорлар сағат бермейді.
Кей мұғалімдердің жалақысының көптігін көреді де "мұғалімдер ақшаның астында қалды,"-деп ойлайды. Негізінен жастар жағында сағат аз. Заң бойынша мұғалім 18 сағат алуы керек. Жастарды 10 сағатпен жүргізіп, пенсионерлер 27 сағат алатын мектептер бар.
Пенсияға шықтың ба, шүкіршілік етіп, орыныңды жастарға бер. Жастар жұмыс жасасын, үйлі болсын. Өмір сүрсін.
Askhat Aimagambetov мырза! Пенсионерлерді мектептен шығару керек немесе 9 сағат қана беру керек. Осыны бір заңдастырып жіберсеңіз екен.
Пенсия жасын сұраймыз, пенсияға шығып алып, мектептен кетпейміз, жастардың несібесін тартып аламыз. Әділдік емес.
Ал, директорлардың жалақысы аз емес. Олардың директорлық лауазымына алатын жалақысын бөліп айтып жүрсіздер. Оларда 9 сағат бар. Екеуінің жалақысын қосқанда кәдімгідей ақша ғой. Сағат алмайтын директор жоқ. Өткенде бір директор жалақысының 260 000 екенін айтты. Аз ба? Тест тапсырса, одан да көбейеді. Мұғалімдер де тестпен көтеріп жүр жалақыларын.
"Мұғалімнің жалақысы көтерілді , кітапханшынікі неге көтерілмейді?" - деді кітапханашылар.
Жақын арада бір кісі: "Мұғалімнің жалақысы көбейді , неге техничканікі көбеймейді?"  - деп мәселе көтеріпті.
Мұғалім деген көздеріңізге күйік болды ма? Жалақыларыңызды көтеруді мұғалімді күндемей-ақ сұраңыздаршы өтініш!
Кезінде мамандық таңдағанда мұғалім мамандығын неге таңдамадыңыздар?
Енді елдің бәрі 45 жастан асқанда қашықтан оқып алып, мұғалім болып жатыр.

Aiman Sagidulla

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2874    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 10:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30