Сен тұр - мен айтайын!

Жалғызбасты қыздарға, ажырасқан әйелдерге ең алдымен не керек екенін білесіздер ме?

  • Жалғызбасты қыздарға, ажырасқан әйелдерге ең алдымен не керек екенін білесіздер ме?

    Жалғызбасты қыздарға, ажырасқан әйелдерге ең алдымен не керек екенін білесіздер ме?

Ерінбегеннің бәрі әйелдерге жаны ашығыш.
Тізесін құшақтап жалғыз отырғанша, біреудің ашынасы болғанша, біреуге тиіп алмай ма, еркектің қолы керек қой, жылы сөзге зәру ғой, анау ғой мынау ғой...
Білесіздер ме...
Жалғызбасты қыздарға, ажырасқан әйелдерге ең алдымен не керек екенін білесіздер ме?

ҚҰРМЕТ! Құрмет керек.
Осындай әңгімелер айтылмағаны керек.
Жалғызбасты екен деп ешкім басынбағаны керек.
Ешкім етегін ашып, етіне үңілмегені керек.
"Түнде қайтіп жатасың?" деп сұрамағаны керек.
"Байғұс-ай, саған қиын ғой" деп мүсіркемегені керек.
"Қайтсін енді, еркегі жоқ қой" деп табаламағаны керек.
Біз - еркегі жоқ әйелдер, сіздермен - еркегі бар әйелдермен де, тіпті еркектермен де терезесі тең адамбыз.
Бізге - еркегі жоқ әйелдерге мүсіркеу емес, ҚҰРМЕТ, өз бетімізбен өмір сүріп, қолымыздан келген шаруаны атқарып, ешкімге жалтақтамай өмір сүруге мүмкіндік керек.
Біз - еркегі жоқ әйелдер - потенциал тоқалдар емеспіз. Тіпті отыздан асқан қыздың өзі амал жоқтан біреуге күндес болуға емес, өз алдына шаңырақ көтеруге лайық. Неге олай болмай жүргені - сенің проблемаң емес.
Әйелге жаны ашу оны құрметтеуден басталады.
Біз - еркегі жоқ әйелдер - ең алдымен АДАМБЫЗ.
Білем, "қайтсін, байғұс, шымбайына батып кеткен ғой, жанына тиіп кеткен ғой" деп психоанализге жүгіресіздер. Мархабат.
Біз - еркегі жоқ әйелдер, бір бақыттан әйтеуір дәмеліміз. Күтеміз, іздейміз. Бірақ ол - әрқайсымыздың өз жолымыз. Сол жолда біреулердің сөзбен де, іспен де қорлауына лайық емеспіз.
PS. Қызық айтайын. Әйелге еркектің әпшуі мен қолынан да басқа нәрселер керек. Ал "жаны ашығыштарда" ол нәрселер жоқ. 

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6602    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 01:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31