Сен тұр - мен айтайын!

Жалпы осындай дүниелер жазғым келмейді. Жазбайыншы дейсің... Күйдіріп жібереді.

  • Жалпы осындай дүниелер жазғым келмейді. Жазбайыншы дейсің... Күйдіріп жібереді.

    Жалпы осындай дүниелер жазғым келмейді. Жазбайыншы дейсің... Күйдіріп жібереді.

Даладан тоңып, үйге кірсем "Астана" арнасында "Жыл таңдауы" боп жатыр екен. Бауыржан Байбек Ерке Есмахан деген əншіні марапаттап, "Сіздер Ерке Есмахан секілді еңбектенсеңіздер, алдарыңызға мақсат қойсаңыздар осындай биікке жетесіздер. Елбасымыз аман, еліміз тыныш болсын" деді.
Осыдан отыз-жиырма жыл бұрын болса, Ерке Есмахан, тағы басқа əншілер танымал болмақ түгілі, əрі кетсе, ауыл клубында, ауданның мəдениет үйінде ғана əн сап жүрген болар еді. Үлкен сахнада "Нұр Отанның" төрағасының бірінші орынбасары қатардағы көп əншінің бірін елге үлгі етіп отырғанда бұл биліктен не күтесің? "Елбасымыз аман болсын!" деп телеарнада тілек айтпаса, осылардың тілін біреу жұлып ала ма?  Жаңа жыл күні осындай нəрсе жазғың келмейді. Жалпы осындай дүниелер жазғым келмейді. Жазбайыншы дейсің... Күйдіріп жібереді. 
Ертелі-кеш жер тырмалап, мақта, картошка, қауын-қарбыз егіп, маңдай терін төгіп, еңбек етсе де, байымайтын еңбекқор жұртқа əншіні (Димаштың жөні бөлек) идеал көрсеткен қоғам дамымайды.
Қоғам даму үшін гуманитарлар елінен технократтар еліне айналуымыз керек! Бізге интеллектуалдар керек! Бізге ойын еркін айтатын, ешкімнің пікіріне тəуелді емес тұлғалар керек! Халыққа жақын билік керек!
Еңбекқор адамға ешкім де үлгі бола алмайды. Керісінше ол өзгелерге үлгі бола алады. Жұмыссыз не ертелі-кеш жұмыс істеп, тырбанса да, айлығы күнкөрісінен артылмайтын қазаққа фонограммамен əн айтатын əншілер үлгі бола алмайды.
Халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүрген математик, физик жастарымыз көп. Соларды үлгі ету керек. Соларды насихаттау керек.
Жаңа жыл қазаққа жайлы жыл болсын! Жаңа жылдарыңызбен!




Көрілген: 3498    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31