Сен тұр - мен айтайын!

Жан-жағыңнан әділдік іздегенше, өзің неге жан-жағыңнан оқып-білуді үйренбедің?

  • Жан-жағыңнан әділдік іздегенше, өзің неге жан-жағыңнан оқып-білуді үйренбедің?

    Жан-жағыңнан әділдік іздегенше, өзің неге жан-жағыңнан оқып-білуді үйренбедің?

ОҚУДЫҢ МАҢЫЗЫ!

Бір байдың бес қос жылқысы (5000-7000 бас) болыпты.
Әрине атбегілері, жылқышылары да көп болған.
Бір күні бай бас қосына барады. Сонда біраз жылдан бері жүрген жылқышысы қазаншы болып жүр екен. Жаңағы кісі қосқа кіріп төрде шынтақтап жатқан байға,
- Байеке біраздан бері мені мазалап жүрген сұрақ бар еді - дейді.
- Айта ғой.
- Сіз неге былтыр келген жас жігітті бас жылқышы қылып тағайындадыңыз, оның қандай еңбегі сіңді, мен сізге қызмет еткеніме отыз жылдан асты - дейді.
Бай шынтақтап жатқан күйі,
- Сыртта ат дүбірі естіле ме? - дейді.
- Жоқ...
- Шығып көріп кел!
Жылқышы сыртқа барып келіп,
- Иә бір ат жетектеген біреу келді - дейді.
- Кім екен?
- Сұрамадым.
- Жетегіндегі не ат екен?
- Білмедім
- Біліп кел.
Жылқышы сорлы тағы барып келіп,
- Жабулы екен, сатуға апара жатыр екен - дейді.
- Қанша екен. Тағы барып келген жылқышы
- Жүз ақша - дейді, азбар қораға кіргізіп жатыр.
- Кім оны кіргізген?
- Бас жылқышы.
Осы кезде бас жылқышы жас жігіт қосқа кіріп,
- Байеке бір жолаушы келді, жетегінде бәйге аты бар екен. Базарға пұлдамақшы екен жүз ақшаға, мен сөйлесіп едім жетпіс ақшаға алсақ беретін түрі бар. Атын қораға кіргіздірдім, өзін қосқа шақырайын ба? - дейді.
Бай оған,
- Жақсы, кірсін ертіп кел! - дейді.
Жігіт шыққан соң,
- Көрдің бе, қанша жылдан бері жан-жағыңнан әділдік іздегенше, өзің неге жан-жағыңнан оқып-білуді үйренбедің?
Әлсіз әділеттілік іздейді,
Күшті біліктілік іздейді! Енді түсінген шығарсың - деген екен.
Өзімізден бастайық!!! 

Мұқаметқали Ұлықпанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1932    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31