Сен тұр - мен айтайын!

Жаңа піскен нанды ертең жейміз,- деп кешегі нанмен шай ішетіндер бар

  • Жаңа піскен нанды ертең жейміз,- деп кешегі нанмен шай ішетіндер бар

    Жаңа піскен нанды ертең жейміз,- деп кешегі нанмен шай ішетіндер бар

Таңертең жұмысыма келе жатсам дүкен жанындағы биіктеу құйылған бетон үстінде жасы 80-нен асқан таныс апам отыр. Осы жерге жеткенше аяғының шыдатпағанын білемін.


"Таң атпай қайда шықтыңыз, жүріңіз таксиге отырғызып жіберейін" деп қолына жармастым, тұрғызбақ ниетте. "Қоя тұр, автобус күтіп отырмын" деп аузын ашқаны сол еді жанымыздан автобус зу етіп өте шықты. Қарғып тұрған апам ей тоқта дегенінше, көлік қыр асып кетті.


Түсетін адам болмаса, аялдамада адамдар тұрмаса қоғамдық көліктің бекерден бекер тоқтамайтыны белгілі.


Автобуста тегін жүретін апам таксиге 80 теңгесін қимай отыр.


Жалғыз баласы басқа қалада тұрады, үлкен қызметте. Апамның ҰОС-на теңестірілген деген куәлігі бар. Әжептеуір пенсиясын оңды-солды шашып жұмсаса да келесі пенсия алғанша артылатынын да білемін. Өйткені қалалық бұл апа той-томалақтарға көп бара бермейді.


Үлкен кісілердің көп нәрсені өздерінен аяп, ақшаны үнемдейтінін білемін. Келін боп түскеніне 55 жыл болған бір апа артынан келген зілдей ауыр қыжым көрпелерін әлі күнге пайдаланбайды. Келін, немерелері жамыла қалса, шешемнің көзін құртатын болдыңдар деп ұрсады.


"Сочиге курортқа барғанда алған, сервантта 30 жыл сақталып тұрған шәйнекті сындырып қойдың" деп 25 жылдан бері келінінің миын жеп келе жатқан қайын атаны да білемін.


Ып-ыстық жаңа піскен нанды ертең жейміз,--деп кешегі нанмен шай ішетін апаларымыз да көп арамызда.


Ескі-құсқыларды жинағанды, жаңа нәрсені сақтап, ескі заттарды пайдаланғанды ұнатпаймын. Бар нәрсені жаратып, рақатымызға өмір сүргенге не жетсін. Қиыншылық пен жоқшылықты көп көрген үлкендерден үйренеріміз де жиренеріміз де бар, түсіне білген адамға. 


Дина Хангельдиева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2288    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31