Сен тұр - мен айтайын!

Жаназа шығып жатқан тұста жар-жар айтқанмен бірдей тірлік деп қабылдадым осыны

  • Жаназа шығып жатқан тұста жар-жар айтқанмен бірдей тірлік деп қабылдадым осыны

    Жаназа шығып жатқан тұста жар-жар айтқанмен бірдей тірлік деп қабылдадым осыны

КҮНДЕ АЙҒАЙ НЕГЕ ҮЙДЕ ОСЫ,
НЕ БОЛДЫ, ҚАЗАҚ КИНОСЫ?


Бүкіл дүние дүрлігіп, күйбең тірліктің емес, тірі қалудың амалын іздеп жатыр. Аз қазақтың саны өсті деп жуырда ғана санымызды шапалақтап едік, қуанышың ұзаққа бармады. Қарапайым халық қана емес иық тірестіріп бірге жүрген жақыныңа зар болып отырсың. Қазақтың өнері де өксігін баса алмай отыр. Дүйім жұртқа аты мәлім есті азамат аз қазақтың қамы үшін дәрі іздеп, тыныс алу аппараттарын шет елден алғызып, өз ортамызда біреу түшкірді десе уатсап арқылы жөн сұрап, “пәленше деген дәрі” - десе жастарымыз Алматыны кезіп жүріп тауып, жоқтан бар жасап отырмыз. Жасыратын дәнеме жоқ, осы Алматы мен Астанада өнер, әдебиет, білім, бизнес саласында жүрген таулықтар ортақ бір чатта отырып, кеше ғана көз жұмған аяулы дос Дарханымыздан бастап, түнде дәрі іздеген танымал артисімізге Бакыт Тушаевтай ініміз Алматыны шарлап жүріп іздеген дәрісін тауып берген болдық. Қазіргі қоғам қайраткерінің көкейінде елдің амандығы бірінші кезекте болуы керек деген ұстаным керек сияқты бізге. Басқаны ойлап та жүрген жоқпыз. Өзіміз өзімізді құтқаруға кірістік қой көздеріңді ашып қарасаңдар.

Ал, мына кино жағалаған ағайынға не жорық? Қайсысың қанша ішіп, қанша жегенің дәл қазір халыққа үкіметтің қажет болмай қалғаны сияқты бос әңгіме! Біреуің отырғызған тағыңнан кеткен екенсің, қолдаушыларыңның айтуынша “қысқа мерзімде құлаш керіп үлгермей қалыпсың” Оған өздерің сияқты тағайындалғанына енді бір жыл болған Ақтоты министр кінәлі екен. Ол да құлаш керіп үлгермей жатса қайтпекпіз? Ел дүрлігіп, біріне ауа, біріне дауа жетпей, айтқаны уақтысында орындалмай жатқан Тоқаевқа бір уыс қол қойып хат жолдапсың. Президенттің дәл қазіргі сағатта халық үшін алдымен нені істеуі керегін ойланып көрсеңдерші?!
1986 жылдың желтоқсан оқиғасында “Нам стыдно, нам горько” - деп, қызыл өкіметтен кешірім сұрағаннан бері қол қою дәстүрінен жаңылмаған ақсақал, көксақалдарың да жүр орталарыңда. Халық ондай сөлкебай таққан сүлейлерден сүбелі сөз күтіп отырса дүлейдің ісін қылдырып...
Айтқан уәждеріңде шындық бар шығар, сол үшін шырылдаған шығарсың, мақұл, сендік. Бірақ, дәл қазір бетжыртысатын, дау қуатын кез емес еді ғой?!
Шығыстың данышпандары жақын тұрған екі адам бір-бірімен айғайлап сөйлессе, “тән қатар тұрғанмен жан алыстаған адамдар сөйтеді” - деп ұқтырады екен. Бар қазақтың жаны шүберекке түйіліп тұрғанда алыстамайық ағайын! Бір тоқтамға келе алмасаң індеттің ақырын күтсеңші. Жауапкерің аман қалсын деп тіле одан да. Кімнен сұрарыңды таппай қалсаң қайтпексің?
Мен өскен кішкентай ауылдың жастары 1000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін жинап, ауданына бір тыныс аппаратын алып берді. Ел батасын беріп жатыр. Шеттеріңнен аттарыңнан ат үркетін ағалар дау қуып жүре бересің бе әлі?
Ақан Сатаев та осы халық төбесіне көтерген азамат. Өзін жүзбе-жүз көрмесем де бір сериалына сценарий жазып, студент кезімде әке-шешесінің өнеріне сүйсініп, “Қарғамбек ағадай актер болсақ шіркін!”- деген буыннанмын. Өнерде кесек тұлғадан туған адам өнерге қиянат жасай қоймасына мен сенемін. Дәл қазір онымен айтысар мезгіл емес, тағы айтамын. Карантин кезінде киноның қашан, қалай, не боларын кеңірдегіңді жыртсаң да үйіңде отырып шешесің. Басқа амалың жоқ!
Елге мойын бұрып, халықпен бірге болыңдар. Кешегі өмірден өткен Кеңес аға, Дархан досымыз да Қазақ киносына үлес қосқан азаматтар еді. Солардың топырағы кепкен жоқ, күмәнді дертпен ауырып жатқан әлі де біраз әріптес бар. Жаратқаннан соларға амандық тілегендердің сапында болыңдар! Дау-тартыс бітпейді, тек ол үшін тартысатын аман-сау қазақ керек! Сендерге де, бізге де!
Күнде жаназа шығып жатқан тұста жар-жар айтқанмен бірдей тірлік деп қабылдадым осыны. Өз пікірім әрине, өзгеңмен осы тақырыпта айтысар, пікір таластырар бұдан әрі құлқым жоқ. Жақтырсаң да, жек көрсең де барым, пайымым, түйсігімнің жеткені осы!

Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1608    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30