Жап-жас қыз не жеп пысық болды екен, а?

23 қыркүйек 2022, 14:00

Таңертең таласып автобусқа отырасың. Студенттермен жағаласып тағы.

 

Үш аялдамадан соң билет тексеру басталды. Мен кіргенде есіктің аузында тұрған қыз сонда ғана жолақысын төледі.

 

Өзі жап-жас қыз, былқ етпеді. Қымсынбады еш.

 

Әлгіден көз алмай қарап тұрмын. Сазарып тұр. “Кім маған не істей алады” деген түр.

 

“Сонда ешкім тексермесе, бұл жолақысын төлемей ме”. Осы ой мазалады. Сұрайын десем, сөйлеуге еріндім, тамағыма салқын тигізіп алғаным бар тағы.

 

Жап-жас қыз не жеп пысық болды екен, а?

 

Жастардың бәрі ондай емес, бірақ ортада жоғалған буынның бары рас. Оларда “ар”, “ұят”, “адалдық” ұғымдары атымен жоқ, мына қыз сияқты безерген күйі бедірейіп тұра береді.

 

Сатқындар да осындайлардан шығады ғой. Пайдакүнем, тасжүрек…

 

Әлгінің әкесі автобустың жүргізушісі болса… өзі құралпастар жолақы төлемей жүре берсе… Ой жоқ адамға бәрібір ғой бірақ.

 

 

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан