Сен тұр - мен айтайын!

Жапония 2035 жылы Айдың оңтүстік үйегіне сутегі өндіретін завод салмақшы екен

  • Жапония 2035 жылы Айдың оңтүстік үйегіне сутегі өндіретін завод салмақшы екен

    Жапония 2035 жылы Айдың оңтүстік үйегіне сутегі өндіретін завод салмақшы екен

«Кір жуғыш автомат машинада жуылған кір таза санала ма?» деген сұрақ туралы пікірімді білгісі келген бір ініме жекеден жазған жауабым:

Еее бауырым, мұсылмандарды құрытқан осындай сұрақтар ғой. Баяғыда, жас кезімде, осыдан 37 жыл бұрын Түркияда оқып жүргенімде, бір мұғаліміміз айтып еді мынадай уақиғаны: 1918 жылы Британия бастаған Антанта елдері Осман патшалығының астанасы Стамбул шаһарын жаулап алып еді. Сол кезде мәжілістегі уәкілдер мен дін ғұламалары (!) өте маңызды бір сұрақты талқылап жатыр екен! Ол қандай маңызды сұрақ, жау келіп қаланы жаулап алып жатқанда талқылайтұғын дейсіңдер ме?! Ол мынадай маңызды сұрақ екен: мисалға бір жайнамазға мың шыбын келіп қонды дейік, сонсоң сіз барып сол шыбындарды қуып шықтыңыз. Енді сол жайнамазда намаз оқуға бола ма, болмай ма, бұл жайыз ба? Міне осы &ldquoмаңызды&rdquo сұрақты талқылап, қызылкеңірдек болып айтысып жатыр екен уәкілдер мен муфтилер деп еді мұғалім. Осман империясын құлатқан осы сұрақтар деп еді. Сенің жазғаныңды оқып, сол бір естелік есіме түсті. Ал бүгін тәңертең радиодан естідім, Жапония 2035 жылы Айдың оңтүстік үйегіне сутегі өндіретін завод салмақшы екен, соған Айдан қолайлы орын іздеп жатыр дейді. Ал біз болсақ әлі осындай &ldquoмаңызды&rdquo сұрақтармен жаңалық ашып жатырмыз бауырым, күлейін бе, жылайын ба....

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1169    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 12:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30