Сен тұр - мен айтайын!

Жаратқан ием адамзатты жойып жіберетін шығар. Ластанбаған ештеңе қалмады ғой...

  • Жаратқан ием адамзатты жойып жіберетін шығар. Ластанбаған ештеңе қалмады ғой...

    Жаратқан ием адамзатты жойып жіберетін шығар. Ластанбаған ештеңе қалмады ғой...

Осы туындымның жарып шығуы өте ауыр болып жатыр. Зерттеме жасағаныма 7-9 айдың жүзінен асып қалды. Миыма жиналған энергияны өткен апта бір пьеса жазып тастап, сілкілеп алдым. Тарихи дүние болғандықтан зерттемені көп қажет ететіні белгілі. Айтқым келгені, ютубты қотарып отырып адамзаттың пәлен млн. жыл бұрын Жер планетасында жаралып қойғанын, Арктикада жасыл-желек болғанын, арабстан, Мысыр елі, Америка құрлықтарында ең жоғары деңгейдегі даму техналогиясы болғанын көріп, қызыға құнықтым. Ол жақта ең биік дәрежелі даму- басқа планеталарға біздің ұшаққа мініп Алматы, Астанаға барып келетініміз сияқты ұшып барып-келгенін, 14 уран өндірген өндіріс орнын, үнді жерінен бүгінгі Боран секілді ракетаның схемасын, не керек, біздегі адамзаттың "Аштым" дегенін пәлен млн. жыл бұрынғы адамзат өркениеті "түкіріп тастағанын", ми жетпестей нәрсені пістеше шағып тастағанын, адам бойы 7-20 метр болғанын нақтылы қазбалар арқылы дәлелдегенде - таңдануға мұршаң келмей қалады екен?!. Ең қызығы, олардың дандайсығаны сонша, қазіргі біздің кезеңімізде алпауыттар ойына келгенін ойрандап жатқанға ұқсас күй кешеді. Ол кезеңде, материктің біз тұратын жағындағы адамзат - тас дәуірін кешіп жатады. Арғы бөліктегі дамыған адамзаттың шектен шыққан хайуани пиғылына наразы болған Жаратқан ием топан су жайлатады. Содан, енді дамып жатқан материктің біз тұратын бөлігіне тиіспейді. Нұх пайғамбардың кемесін Қазығұртқа тоқтатуының сыры осында жатқан секілді?.. Жаратқан ием адамзатқа бәрін силап, сабырмен күтеді екен. Сосын, шектен шыққанда жойып жіберіп, үмітпен жаңа адамзатты жаратады екен. Қаншама рет адамзаттың жаңарғанына ғалымдардың миы қатып жатыр. Ең қызығы, бәріне дін силаған. Біз білетін дін түрлері бергісі ғана екен. Арғылары белгісіз. Бірақ, ешқайсы дінге берік болмаған. Ғалымдардың болжауынша, ендігі топан суда Тибет қана аман қалады екен. (Ол жақтағы цивилизация әлі развратқа жеткен жоқтан болар) Бұның бәрін жаһан ғалымлары жар сала айтуда. Бұрын осы жағына мән бермеген екем. Басқа түскен баспақшыл боп, енді мән беріп жатқан сол. Өзімнің бір ойым, келесі кезекте Жаратқан ием Жер планетасындағы адамзатты жалпылама жойып жібере салатын шығар? Ластанбаған ештеңе қалмады ғой?.. Қой, моншама кеттім!

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 14:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31