Сен тұр - мен айтайын!

Жаратушыға сыйынуға келіп тұрып, жанжалдасқан топтың саяси қаупі жайлы айту керек

  • Жаратушыға сыйынуға келіп тұрып, жанжалдасқан топтың саяси қаупі жайлы айту керек

    Жаратушыға сыйынуға келіп тұрып, жанжалдасқан топтың саяси қаупі жайлы айту керек

Әлемде діни және этникалық қақтығыстар орын алса, оны тоқтату өте қиын. Тіпті мүмкін емес. Көп жағдайда ол ұзақ жылдарға, тіпті ғасырларға созылған қантөгістерге ұласады. Сондықтан бұл екі қақтығыстың алдын алу аса маңызды. Мемлекеттің тыныштығы мен амандығы үшін.
Желіде мына видео тарап жатыр. Түсінгенім мешітте намаз оқу барысында имамға бағынбаған сынды. Бұл өте қауіпті сигнал. «Діни жоралғыны кім қалай жасады, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, кім намазда қате тұрды, кім тыйым салынған әрекет жасады» дегенді діни мамандар айта жатар. Бұл жерде қай ағымның дұрыс я бұрысын анықтау үшін емес, бұл жерде бір мешітке Жаратушыға сыйынуға келіп тұрып, жанжалға келген топтың саяси қаупі жайлы айту керек деп ойлаймын.
Дәл осындай түрлі діни алауыздықтар, алдымен бір-бірін сыйламау, артынша ерегесу, балағаттау, жауласудың соңы әлемде талай елді аттан аударып, тақтан құлатып тастады. Сыртқы күш тек дайын жерге, жанайын деп тұрған қоғамның шырпысын тұтата салaды. Бітті. Өз өзін аямаған, өз өзін түсінбеген, өз өзін сыйламаған, өз өзін құрметтемеген, өзара ырылдасып жатқанды өзге аясын ба?! Аямайды. Сондықтан мына видеоны көріп, ойланып қалдым. Күштік құрылымдар, мемлекет пен ішкі саясат, діни басқармалар бақылауды күшейту керек екен. ҚМДБ әр имамның қандай бағытты насихаттап, уағыз айтып жүргенін жақсы білетін шығар деген үміттемін. Тек қана ҚМДБ емес, басқа дін өкілдерінің де не айтып, не насихаттап жатқанын қарап отыру маңызды. Ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік қауіпсіздік, тәуелсіздікті шайқалтатын кез келген әрекет ( сепаратизм, діни экстремизм) оны іске асырмастан бұрын тоқтатылуы тиіс.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1252    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31