Сен тұр - мен айтайын!

...Жаратушысынан 30 күндік оразасы үшін 30 жылдық дүние дәметеді

  • ...Жаратушысынан 30 күндік оразасы үшін 30 жылдық дүние дәметеді

    ...Жаратушысынан 30 күндік оразасы үшін 30 жылдық дүние дәметеді

 Сауапты саудаға салмайық!


Ораза ұстау - парыз! Қасиетті Рамазан айының 30 күнінде қу нәпсіні тыйып, барлық жамандықтан арылып, Ислам дініндегі ізгі амалдар арқылы жан-тәніңді түгел тазалап, Алладан шын ниетпен тілек тілеу керек. Ал ауыз бекіткен жамағаттың дені осы қарапайым ғана қағиданы дұрыс сақтамайды. Диета ұстап жүрмін деп ойлап, аузын тамақтан ғана тыятындар көп. Алақан жайып тұрып, Алла тағаладан үй, машина, ақша сұрайды. Оу, өйтіп бұл жалғандық дүние-мүлікті дәметіп, Жаратушы жалғыз Иемізді әкім-қара, әрі кетсе президент деңгейіне түсіріп тастаудың несі құлшылық?! Шенеуніктің табалдырығын тоздырып, ипотекалық ұйымдарға құжат рәсімдеп ала салатын жылжымайтын мүлікті Оразадағы 30 күн бойы Алладан сұрап, ол 30 күн аяқталған соң күйіктен ішіп кеткеннің несі иман келтіру?!

Жалпы, "Міне, мен ораза ұстадым, сол үшін Құдай осындай-осындай тілектерімді орындауы тиіс" дегендей пиғылмен міндетсініп, сауапты саудаға салғандай кейіп танытудың қажеті жоқ! Бастығына айына 20-23 күндік жұмысының еңбекақысын көтертуге шамасы келмейтіндер Жаратушысынан 30 күндік оразасы үшін 30 жылдық дүние дәметеді.

Адам деген бұл жалғанда қалатын дүние-мүлік емес, о дүниеге апара алатын амал сұрауы шарт қой негізі. Аллаға қайыршы сияқты емес, иман келтірген құлы ретінде алақан жайып, жақсылыққа қадам басқан жолыңның ашылуын, сауап үшін садақа бере алар, қамыққанға қайырымдылық жасай алар дәулет, жүрегіңнің пәк, көңіліңнің ақ болуын тілесең, жеткілікті деп ойлаймын. Ал жер шары жарылып кетпей, аман тұрса, оның асты-үстіндегі тас-құм, темір-терсек арқылы жылжитын, жылжымайтын мүліктердің саны арта береді. Алла тағала оны айналасына зияны емес, пайдасы, зәбірі емес, қайырымы тиіп, жан-жағын нұрландырып жүретін пендесіне бұйырады.

Қысқаша айтқанда, Алладан еш нәрсені де арнайы сұрамай, тек соған өз күшіңмен жететін қайрат-жігер, жан-тәннің саулығы, ақыл, сабыр, ізгі амалдар ғана сұрап, жалбарыну керек қой, ағайын!


facebook.com парақшасынсан 




Көрілген: 1111    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2019, 14:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31