Жасанды алақан жасаңдар, жігіттер!

Жасанды алақан жасаңдар, жігіттер!

Қоғамдық көлікте, көпшілік орында көретінің – жаппай жасанды кірпік. Отыз-қырық жыл бұрын дүкен сөрелерінде сіресіп тұрған, біздің қарындастарымыз ойнаған «мама» дейтін қуыршақтың кірпігіндей.

Көз – адам денесінің аса маңызды мүшесі десек, оның сақшысы – кірпік. Жаратқанның оған берген міндеті – көзді күзету. Шаң-тозаңнан сақтау. Егер егіс алқабының екі шетіне ағаш ексе, жел топырақты ұшырмайды, құрғатып тастамайды. Мынаның пайдасы да шамамен осындай.
Өзі бала кезде біз үшін сұлулық емес, батырлық белгісі болып саналатын. Өйткені, «кірпік қақпады» тұрақты тіркесті көп естідік. Ол – қайсарлық белгісі. Балалар арасында «кірпік қақпау» деген ойын болатын. Кім ұзақ уақыт кірпігін қақпаса, сол жеңімпаз болады.
Жалпы, адам қорыққанда кірпігі жыпылықтап кетеді. Бұл – шартты рефлекстің бірі.
Сосын «кірпік ілмеді» деген тұрақты тіркес бар. Түнде ұйықтамай шыққанды айтады. Қой қорыған шопанға, шеп сақтаған шекарашыға, ерін күтіп төсекте дөңбекшіген әйелге қатысты айтылса керек. Сайып келгенде «кірпік ілмей шығу» да – ерліктің белгісі ретінде санада сақталыпты.
Тағы не еске түседі? Кірпікке қатысты басқа тұрақты тіркес естімеппіз. Ал өмірде оған байланысты бірер жәйтті білеміз.
Ауылда бензинмен жұмыс істейтін қыздырғыш жарылып кетіп бетін жалын шарпып, күйіп қалған баланың кірпіктері әппақ болып қайта шыққан. Оны кешікпей «бұзау кірпік» атап кеттік. Иә, төлдің ішінде ботаның көзі жақсы, бірақ кірпік мәселесінде бұзаудан озғаны жоқ.
Беріде қан ойнай, жүрек тулай бастаған шақта кірпігіңіз батырлық символынан сұлулық белгісіне қалай ауысып кеткенін аңғармаппыз. Бір аяулы жанмен екеуара ойынымыз болды. «Алақан қытықтау». Біз қазіргідей сүйелденіп, мүйізденіп кете қоймаған алақанымызбен ақырын көзін басатынбыз. Сонда ол кірпігін қағып-қағып жіберетін. Тұла бойымызбен жеңіл діріл жүгіретін. Біз алақанды көзіне тосудан, ол кірпігімен қытықтаудан жалықпайтын. Кірпігі бояусыз, балғын еді.
Иә, онда әйелдер жаппай кірпік бояйтын. Бұл көрініс сатира найзасына ілінген:
«Шіркін-ай,
Жеңешемнің кірпігі-ай.
Бояғаны соншама
әрбір талы жанып біткен шырпыдай».
Шіркін-ай, төрт жолға бар уытты сыйғызатын Оспанхандай, Шонадай сықақшылар қайда? Біз боялған кірпіктің өзіне зар болған жасанды кірпік заманының сатирасын кім төрт жолға сыйғызар еді?
Қазір балғын кірпік тұрмақ, боялған кірпіктің өзімен жылап көріскендейсің. Айналаң түгел жасанды кірпік. Онымен тек жасанды алақанды қытықтауға болар. Сонда жасанды жүрек арқылы жасанды қан тулап ала жөнелетін шығар.

 

Қайнар Олжай

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста