Сен тұр - мен айтайын!

Жасанды "госязыктың" басқа ұлт өкілдеріне не қажетті бар?

  • Жасанды

    Жасанды "госязыктың" басқа ұлт өкілдеріне не қажетті бар?

Алдыңғы күні (кешке) біреуді бір сағаттай күтуге тура келді (бір жерде). Көлікте отыра бермейін деп сол маңдағы "Макдоналдстің" ішіне кірдім. Арам ойым "уақыт өлтіріп", кофе (немесе көк шәй) іше тұру ғой.

Айтайын дегенім мынау еді:

Жымиып (іште) қарсы алған жап-жігіт менімен орысша амандасып, не қалайтынымды сұрады. Кофемді дайындаған жігіт тапсырысымның дайын екенін сыпайы түрде орысша жеткізді (тіркелген нөмірімді монитор экранынан байқамай қалғанмын ғой). Столдың үстін тазалап жүрген қыз да орысша сөйлеп, "сүртіп жіберейін" деп ғафу өтінді.

Қысқасы, қызмет етушілердің бәрі дерлік - қандастарым. Ішіп-жеп жатқандардың бәрі - қандастарым.

Бірақ олардың шүлдір-шүлдір сөздеріне құлақ түріп, қалың орыстың ортасында шоқайып отырған жалғыз қазақ секілді сезіндім (өзімді).


Р.S. Қазақстанның қазақемес азаматтары мемлекеттік тілде неге сөйлемейді деп ренжіп жатамыз (кейде). Олар мынадай ортада жүрсе, қалай сөйлемек, қалай қазақыланбақ?

Тіл иелерінің өздері күнделікті өмірде (жұмыста, тұрмыста) қолданбайтын болса, ондай жасанды"госязыктың" басқа ұлт өкілдеріне не қажетті бар?


facebook.com




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30