Сен тұр - мен айтайын!

Жастар қанша мықты болса да, мемлекет қолдамаса салы суға кете бастайды

  • Жастар қанша мықты болса да, мемлекет қолдамаса салы суға кете бастайды

    Жастар қанша мықты болса да, мемлекет қолдамаса салы суға кете бастайды

Соңғы 7-8 жылда байқап жүрміз: мүлде басқа сападағы жастар өсіп жетіліпті. Көрсең, көзің қуанады, сөзін тыңдасаң, жүрегің қуанады. Шетінен сымбатты, шетінен білімді. Бәрінің дүниетанымы, көзқарастары бөлек. Және көбісі Отанын сүйеді. Әлбетте, кез келген буында "Абай жолын" кім жазғанын білмейтін, тариxынан бейxабар, қазақтың өткенінен гөрі басқа елдің өткенін білетін дүбаралар бола береді. Дегенмен, жалпы қарағанда, қазіргі жастар мықты! Оны мойындауымыз керек. Алайда, жастар қанша мықты, білімді, жан-жақты болса да, оларға, олардың бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау-қамқорлық болмаса, көзіндегі жалыны біртіндеп өшіп, салы суға кете бастайды. Оны біздің буын аздап көрді. Әйтеуір, ілдебайлап осы күнге жеттік. Шынын айтқанда, талай армандарымыздың күллі көкке ұшты. Бәлкім біздің жастығымыз мемлекеттің құрылу уақытына кеп қалғандықтан болар...

Сондықтан, биылғы 2019 жылды мемлекет Жастар жылы деп атап, жастарға көңіл бөліп жатқаны қуантарлық жағдай. Бүгін Жастар жылының ашылу салтанатында Президент тарапынан да, жастар тарапынан да көптеген жақсы ұсыныстар айтылды. Енді осы ұсыныстар, Елбасы айтқан "Жол картасындағы" жобалар нақты іске асса, біршама нәтиже болатын сияқты. Тек пайдасыз флэшмоб, жиын-тойлардан қашайықшы.


Aqberen Elgezek

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30