Сен тұр - мен айтайын!

Жастардың кейбірі сіздерден артық шаршап жүр

  • Жастардың кейбірі сіздерден артық шаршап жүр

    Жастардың кейбірі сіздерден артық шаршап жүр

2005 жылдың басы. Ол кезде 95 деген маршруттың орнына 520 деген кішкентай автобус жүреді. Адам сығылысып, әрең сыятын кездер ғой. Менің аяғым ауыр, кіре салғанда бір бала орын берді. Отырмын. Алдыңғы жақта бір жасөспірім бала отыр екен, жанына бір апа бара бергенде ана бала тұрмақ болып қомдана берген, бірақ апа салған беттен "қазіргі жастар бұзылған, үлкен кісіге орын беру дегенді білмейді, анау да мынау, андақ да мұндақ" деп, арасында балаға тіл тигізіп қойып сарнай жөнелді. Ана бала тұрмақ болған ойынан айнып қалды. Жасөспірімдер қырсық келеді ғой. Апа әбден шерін тарқатып алсын деді ме, терезеге қарап бедірейді де қалды. Апа да сарқылды бір кезде. Сонда ана бала "мүйіз шықса сіз-ақ отырыңызшы" деп орнынан тұрды.
Айтпағым не. Бүгін ФБ-да үлкендерге құрмет мәселесі сөз болып жатыр екен, кешегі АбайТВ-дан өткен хабардың жаңғырығы болса керек. Үлкендерге жастар орын береді. Бірақ салған беттен "осы қазіргі жастар" деп сарнай жөнелмей, "балам, мен отырайын" десең - бедірейіп "отырмайсың, кетнақ" деген жасты көрген жоқпын. Жастар үлкендерге орын беруге міндетті, бірақ үлкендердің сөзін көтере беруге міндетті емес. Әсіресе әділетсіз айыптауға жаны қас. Соны да ойлайық. Тілдемеңіздер жастарды. Шын айтса, жастардың кейбірі сіздерден артық шаршап жүр. Автобуспен сабаққа, үйге бара жатқан жол ол баланың ұйықтап алуға жалғыз мүмкіндігі шығар, қайдан білесіз...




Көрілген: 4467    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 22:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30