Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жасырын той жасап, базардан базар қоймай, маска тақпай жүріп, мектептер офлайн болсын дейсіңдер, ә?

02 қазан 2020, 02:15

"Карантин қашан бітеді, мектептер қашан ашылады" дейтіндер, елдегі ахуал қалпына келуі үшін не істедің?
Той жасама дегенде, "е, жөн екен" деп, жасамай қойдың ба?
Базарға барма дегенде, "е, жөн екен" деп, барсаң да сақтанып бардың ба?
Қоғамдық көлікке маскасыз мінбе дегенде, "е, жөн екен" деп, маскаңды (таза маскаңды!) тағып, санитайзеріңді қалтаңа салып міндің бе?
Кезекте ентелеме дегенде, "е, жөн екен" деп, алдыңдағы адамнан сәл алыс тұрдың ба?
Осының бәрін істемей, жасырын той жасап, базардан базар қоймай, маска тақпай жүріп, мектептер офлайн болсын дейсіңдер, ә? Қазіргі мына жағдайда мектептерді ашпау - жұрттың бәрін қырып алмаудың жалғыз амалы.

facebook.com парақшасынан