Жәй смертник жұмысшыға 200, бастықтың туған күніне 2000 теігеден жинайды
Бұрын жұмыс істеген жерімде әріптестер туған күн дегендерге 200 теңгеден жинайтын.
 
Фирмадан жеке беретін.
 
 Бірде бастықтың туған күніне 2000 теңгеден жинап жатыр екен. Ақша жинап жүрген бөлім басшысын шақырып неге бастыққа 10 есе көп жинап жатсыңдар? Оның айлығы мен бонусы қарапайым жұмысшылардан 10 есе көп қой. Мықты болсаңдар бастыққа 200 теңгеден, жәй смертник жұмысшыға 2000 теңгеден жинаңдар. Сол жиналған ақша соның бір тесігін жабады, бастыққа ол ақшаны берсең де, бермесең де бәрібір оған қарап қалған ол жоқ дедім.
 
Содан соң сол жерде жұмысшыға 2000-нан жинамаса да бастыққа да ерекше жинамайтын болған еді.
 
Жалпы әр жерде жексұрын болып әділеттілік іздей беру керек па әлде екі қойың бір сом болып боти жүре беру керек па білмеймін.
 
Бірақ біздің қоғамда өздері сіңір бола тұра қарапайым жұмысшылар бастықтарға көп ақша жинап бергісі келетін бір әдет бар сияқты.
 
Бірде өзі пәтер жалдап тұратын қарапайым специалисттың төрағасының таксиінің ақшасының төлеп жатқанын көргенмін.
 
Ақшасы көп адам азына көмектесудің орнына, біз кейде керісінше жасап жіберетін сияқты көрінеміз.
 
 
 
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан