Сен тұр - мен айтайын!

Жедел жәрдемге енді 5400 тг төлейміз бе?

  • Жедел жәрдемге енді 5400 тг төлейміз бе?

    Жедел жәрдемге енді 5400 тг төлейміз бе?

Жедел жәрдемге енді 5400 тг төлейміз бе?
Бүгін «жедел жәрдем шақырсаңыз, 5400 теңге төлейді екенсіз» деген ақпарат желдей есті. Бұл онсыз да жайсыз хабарды көп естіп, алаңдап отырған жұрттың жүйкесіне тигендей.
Шын мәнісінде, бұл жаңсақ ақпарат еді.
Иә емханалар жанынан мобильді жедел жәрдем бригадалары құрылды. Олар науқастармен байланыста болғандардан және симптомы барлардан COVID-19-ға ПТР-тест алады Олардың тарифі - 5400 теңге. Бірақ, оны тұрғындар өз қалтасынан төлемейді. Мемлекет әр шақырту үшін емханаларға әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы 5400 тг төлеп отырады.

Осыны жұрттың дұрыс түсінбей «жедел жәрдем енді ақылы болады екен» деп абыржуы ақпараттың дұрыс жеткізілмеуінен болып отыр.
Біріншіден, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят бұл туралы айтқанымен, ақысын кім төлейтінін ашып айтқан жоқ.
Екіншіден, министрлік бұл туралы ақпаратты өз сайтында және фейсбукте тек ресми тілде таратты. Сондықтан әлеуметтік желідегі жұрт дұрыс түсінбей қалды.
Қазіргі күні ең маңызды органның ақпараттық жұмысында осындай олқылық орын алуы өкінішті. Министерство здравоохранения Республики Казахстан аудиториямен санасу керектігін, заң бойынша екі тілде ақпарат тарату қажет екенін түсінетін кез келген жоқ па?
Ақпаратты дұрыстап беріңіздер, мемлекеттік тілді ұмытпаңыздар, сонда "құда да, құдағи да тыныш" болады.


Қамбар Ахмет
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1385    Пікірлер: 0

сенбі, 04.07.2020, 02:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31