Жемқорлық келесі буынға көшіп кетті!

23 қыркүйек 2022, 12:47

ЖЕМҚОРЛЫҚ қарапайым тілмен:
- Вакцинаның паспортын, 086 справкала т.б. сатып алу;
- Кезегінен бұрын килігу (үйге, көлікке, жерге т.б. кезекке тұрғанда);
- Дәрігерге қызметі үшін сыйлық беру;
- Мұғалімге, тәрбиешіге балаңа басқалардан артығырақ қарасын деп, тиын қыстыру;
- Сессияны таныспен, ақшамен шешу;
- МАИ қызметкерімен келісу;
- ЕНТ кезінде мұғалімдерді көмекке жалдау;
- Жұмысқа пара беріп тұру/парамен қызметке алу ;
- Тендерден шапка алу/беру
- Заң бұзып тұрып, ықпалды көкеңнің, танысыңның, досыңның көмегіне жүгіну;
Жалғастырыңыз
Мұның бәрі қазақ қоғамында қалыпты жағдайға айналған. Тіпті жастардың өзі оған дұрыс қарайды. Демек, жемқорлық келесі буынға көшіп кетті!
Осылардың біреуін бастан өткерсеңіз, СІЗ ДЕ ЖЕМҚОРСЫЗ! Қоғамға пайдаңыз тисін десеңіз, алдымен өзіңізді түзеуден бастаңыз.
Айтпақшы, ақылы пост жазудың жемқорлыққа қатысы бар ма?

facebook.com парақшасынан