Жеп жүрген нанымыздың атын қазақшалап жазып алайықшы алдымен!

03 ақпан 2022, 08:45

«Бородинский» деген нанның жарнамасын көріп қалдым лентадан. Ол нанның қандай пайдасы, витаминдері бар екенін, бәрін айтыпты обшым! Басында Ресейдің бір өнімі ме деп қалсам, өзімізде шығатын нанның аты екен. Бізде өскен бидайдан жасайды да, атын «Бородинский, «Московский», «Отрубной» деп орысша қояды. Кезінде ағылшын тіліндегі брендтің бәрін қайта өз тілінде жазып барып дамыған немістер құсап неге осының бәрін қазақшалап жазбаймыз? Қазақстанда өсіп-өнген бидайдан жасалса, қалай ол «Бородинский», «Московский» болады? Жеп жүрген нанымыздың атын қазақшалап жазып алайықшы алдымен!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан