Сен тұр - мен айтайын!

Жер де, отан да қазаққа ғана керек. Етек-жеңімізді жинайтын уақыт болды...

  • Жер де, отан да қазаққа ғана керек. Етек-жеңімізді жинайтын уақыт болды...

    Жер де, отан да қазаққа ғана керек. Етек-жеңімізді жинайтын уақыт болды...

Володя дейтін алқаш, паранойк көршіміз бар. Үнемі ішіп алып, өз бетінше «қуып» жүреді. Басында ауру адам шығар деп ойлайтынмын, арақ өтіп кеткен біреу екен, сөйтсем. Қашан көрсең де соны үнемі біреулер аңдып, қастандық жасағалы жүреді. Далаға шығып айқайлап-айқайлап алады да, содан иті екеуі үйге кіріп кетіп, бір апта шықпай жатып алады. Үйден шыққан күні бүкіл подьезді сасық иіс алып кетеді. Оның сандырағына ешкім көңіл бөлмейді. Үнемі біреулермен (жындармен шығар) күбірлеп сөйлесіп жүретін алқашпен кім алысады?! Никоновты соған ұқсаттым да, оның айтқан сөзін дәл осылай құлағыма да (әдептен аспайын) қыстырған жоқпын. Ол оны қазақтарға емес, өзінің отандастарына қарата айтты. Путин соңғы 20 жылда болашағы жоқ, өткенін аңсап қана өмір сүретін науқас қоғам қалыптастырды. Оларға осындай бір сандырақты айтсаң болды, бүкіл проблемасын ұмытып, көршілерінде қалған «орыс жерін» әңгіме қылып кетеді. Бұл &ndash күн сайын протест күшейіп бара жатқан, іргесі сөгіле бастаған империяның халқын алдаусыратып ұстап отыратын амал. Халықты көшеге шығармаудың әдісі. Осындай ауру көршінің әр айтқан сандырағына күйіп-піскенді қою керек. Онымен президент, министрлік айналыссын. «Одақтасымыздың» оттағанына көніп отыра беруге болмайды. Ал егер шынымен де қазақ жерін басып алғысы келсе, онда әр қазақ қолына қару алып отанын қорғауға дайын. Мен өзім бірінші болып аттанамын. Байқаған шығарсыздар, сосын бұл туралы соңғы 3-4 күнде басқа ұлттан бір адам пост жазған жоқ, қазақтар ғана күйіп-пісіп жатыр. Жер де, отан да қазаққа ғана керек. Етек-жеңімізді (идеологияны дұрыстайтын) жинайтын уақыт болды.

Zholymbet Makish

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2807    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.12.2020, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31