Сен тұр - мен айтайын!

Жер үшін митингіге шықпаса да, машина үшін жаппай митингіге шығады

  • Жер үшін митингіге шықпаса да, машина үшін жаппай митингіге шығады

    Жер үшін митингіге шықпаса да, машина үшін жаппай митингіге шығады

Қазір көшеде армян, қырғыз бен ресейлік номермен машиналар толып жүр. Батыс пен солтүстікте Қазақстандық номерден ресейлік номер көп па деп қаласын. Қай елде өмір сүретінінді ұмытып қалатындайсың.

 

Бұл машиналардың көбісінің документтері дұрыс емес. Бір номермен екі елде де жүре береді.

 

Мысалы Ресейге басқа елден қосалқы құрам ретінде әкеліп ешқандай салық төлемей, Қазақстанға Ресейлік номермен кіргізіп жібереді. Ресейде заңсыз машина Қазақстанда емін еркін жүреді.

 

Кейде Ресей арқылы Қырғызстанның да номерімен Қазақстанға тығып жібереді. Көбісі ол елден есептен шығып осында жүреді.

 

Біреулерін ломбардқа салып, Қазақстанға сатып жібереді. 70-80% документтері дұрыс емес ау.

 

Бұл машиналардың сондай екенін ит, мысық, күшік те біледі. Ертең оларды шығарайын десе халық сондай машиналарға мініп алды. Жер үшін митингіге шықпаса да, машина үшін жаппай митингіге шығады.

 

Сосын билік Армениядан заңсыз кіргізген машиналар сияқты сары номер, анау мынау деп уақыт созатын шығар.

 

Бұдан бізге де, бюджетке де кіріс жоқ. Қызығын документті өтірік жасайтын алаяқтар көреді.

 

Неге одан да адам сияқты салықтарды азайтып, утиль сбор, бірінші номер деген сияқты алымдарды алып тастап, адам сияқты өзіміз мінбейміз сол машиналарды.

 

Неге өз өзімізді қинап жүрміз түсінбеймін.

 

Өзге елдің жалауымен заңсыз көліктерді топырлатқанша, адам сияқты салық төлеп өзіміздің жалаумен жүргеніміз дұрыс еді ғой.

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1676    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31