Жігіт жақ келінмен қоса үш млн кредитті қоса алғанына іштері удай ашыпты
Автобуста өздерінен басқа жоқтай, екі әйел сампылдап отыр. Ең маңызды сөз мынау болды. Біреуінің әпкесі қызын күйеуге ұзатыпты. Жағдайы жоқ болған соң жігіт жаққа "қызыма төсек-орын беруге шамам жоқ, ұзату тоймен шектелейін" десе, болашақ құдағиы көнбепті. Жыны келген әпкесі "ақыртүбі күллі зат сенің үйіңе барады" деп, үш млн.-ға қызының атына кредит алып, төсек-орынды қатырып жасап береді. Той біткен соң жігіт жақ келінмен қоса үш млн. кредитті қоса алғанына іштері удай ашыпты. "Жақсылықпен көнбеген құдағидың енді сол кредитті баласы төлеп жатыр" деп мәз боп күлді. Қыз шешесінің тапқырлығына таң қалдым.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан