Жиын-той мен асты қоя тұру керек шығар, ағайын

17 шілде 2021, 12:36

Өткен жылы мына індеттен қаншама адам қайтыс болды. Биыл сол марқұмдарға жаппай ас беріліп жатыр. Былтырғы қиын жағдайда жерлеуін дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан, марқұмдардың туыстары асын дұрыстап беру үшін, алыс-жақындағыларды жинап жатқанын түсінуге болады. Бірақ, атың өшкір індет тағы да өршіп тұр. Coronavirus.2020.kz деген сайтқа кірсеңіз бір тәулікте 5 мыңнан астам адам ауырған. Соның ішінде астанада тіптен көп - 1547. Бір тәулікте ғана осынша адам ауырса, әрине ауруханаларда орын болмайды. Жиын-той мен асты қоя тұру керек шығар, ағайын. Алдымен аман қалуды ойлайық!
Қазақстанда өткен тәулікте 5658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 1547, Алматы қаласы - 891, Шымкент қаласы - 368, Ақмола облысы - 180, Ақтөбе облысы - 205, Алматы облысы - 178, Атырау облысы - 342, Шығыс Қазақстан облысы - 82, Жамбыл облысы - 81, Батыс Қазақстан облысы - 289, Қарағанды облысы - 704, Қостанай облысы - 123, Қызылорда облысы - 112, Маңғыстау облысы - 180, Павлодар облысы - 185, Солтүстік Қазақстан облысы - 98, Түркістан облысы - 93. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 483412.