Сен тұр - мен айтайын!

Жиындарда тек қазақ тілі қолданылсын деген саяси шешім болмаса, қазіргі жағдай өзгере қоймас

  • Жиындарда тек қазақ тілі қолданылсын деген саяси шешім болмаса, қазіргі жағдай өзгере қоймас

    Жиындарда тек қазақ тілі қолданылсын деген саяси шешім болмаса, қазіргі жағдай өзгере қоймас

Өткенде Қордайдағы жанжалға қатысты өткен сарапшылардың жабық жиынында елдегі бас идеологтың бірі тіл дискриминациясы жайлы айтты.

Біздегі ең бірінші дискриминация қазақ тіліне байланысты. Оған шүбә жоқ. Сенбеген адам Министрліктер үйіне кірсін. Кездескен 10 адамның 9-ы орысша сөйлейді. 10-ның 10-ы қазақ болады. Жеке компанияларға қоңырау шалсаң, қазақша жауап алуың өте сирек.

Бүгін оған тағы көз жетті. Министрлік ғимаратында жиын өтті. Қарсы алғаннан орысша болды. Жиын да орысша басталды. Айналама қарасам, бәрі қазақ. Содан ортасында "бұл не, бәріміз қазақ, неге орысша сөйлейсің бізге" деп мәдени түрде ескерту жасадым.

Масқара болғанда жиналысты жүргізген жап-жас қазақ қызы қазақша 2-3 сөздің басын қоса алмайды екен.

Президент қазақ тілі барлық этностарға ортақ болу керек деді. Естідік. Қуандық. Бірақ осы саясатты жүзеге асыратын министрліктерде қазақ тілі кең қолданылмаса, ол қай этносқа керек?

Браконьерлерге ауыр жаза бергенде, Жәкішевті түрмеден босатқанда Президенттің саяси шешімі бар екенін байқадық.

Енді мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда іс-қағаз бен жиындарда тек қазақ тілі қолданылсын деген саяси шешім болмаса, қазіргі жағдай тағы 5-10 жыл өзгере қоймас.

Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 903    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 08:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30