Жиырма бесте жетістіргенім де шамалы ғой...

12 сәуір 2018, 20:07

Баяғыда біреу келе жатып, абайсыз да аттан жығылған екен. Атып тұрып, үсті-басын қаққылап: "Ай, қайран жиырма бес-ай!, Ол кезде от едім ғой" депті. Айналасына қарап, тірі жан жоғына көзі жеткен соң өз-өзіне: "Жиырма бесте жетістіргенім де шамалы ғой" деп өз-өзіне кейіген екен. Мұны айтып отырғаным осында әлденені, болмашы нәрселердің өзін қазаққа үлгі қылмаққа ұмтылып "қазаққа үлгі боларлық", "қазақ осыны үйреніп алса", "қазақтың қолынан келе ме?", "қазақта адам баласы" дегенді көп көрем. Осындай сөздермен айтарын тұздап отыратындардың айналасында адам жоқ болса не дер екен деп ойлаймын да..

.facebook.com парақшасынан